Комплаенс-қызметінің комплаенс-бақылаушы

Жалақы көрсетілмеген
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
60

Қаралған саны:
513

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:

  • Комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүктелген функционалды орындау кезінде компанияның құрылымдық бөлімшелері мен лауазымды тұлғаларына әдіснамалық қолдау көрсету, оның ішінде: комплаенс компания процестерінде саясаттар мен рәсімдерді әзірлеу және енгізу; компания ішінде және үшінші тараптармен қарым-қатынаста іскерлік этиканың белгіленген нормаларын сақтау; сыртқы талаптарға мониторинг жүргізу, реттеушілік өзгерістердің компания процестеріне әсерін бағалау бөлігінде компанияның жұмыс істеуі және қажетті шараларды қабылдау; процестердегі тәуекелдердің сәйкестігін талдау және бағалау; ықтимал мүдделер қақтығысы жағдайларын анықтау және реттеу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері бойынша үшінші тараптармен өзара іс-қимыл жасау.
  • "Жедел желі" бастамашыл ақпараттандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және келіп түскен хабарламаларға тексеру жүргізу.
  • Компанияның комплаенс-тәуекелге ұшырау дәрежесіне немесе беделін жоғалту тәуекеліне әсер ететін келіп түскен хабарламаларға жүйелі талдау жүргізу.
  • Келіп түскен хабарламалар бойынша есептерді әзірлеу және өтініш берушілерге кері байланыс беруді қамтамасыз ету.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша, оның ішінде бастамашыл ақпараттандыру жүйесі шеңберінде және басқа да көздерден алынған кез келген ақпаратқа тексерулер мен тергеулер жүргізу.
  • Құрылған комплаенс жүйелерінің тиімділігіне мониторинг жүргізу.
  • Компания ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері бойынша коммуникацияларды жүзеге асыру, сондай-ақ қажет болған жағдайда өз құзыреті шегінде клиенттермен, әріптестермен, мемлекеттік органдармен және өзге де мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау.
  • Компания қызметкерлерін комплаенс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, этика мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру және өткізу.
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқарудың тиімді жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
  • Компанияда орталықтандырылған комплаенс процестер мен жүйелерді енгізуді қамтамасыз ету. 
  • Ықтимал мүдделер қақтығысының жағдайларын анықтау және оларды реттеу бойынша тиісті ұсыныстар енгізу. 
  • Компания қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау бойынша мәселелерді үйлестіру және қатысу. 
  • Жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары бойынша түзету/алдын алу шараларының орындалуын орындау/үйлестіру.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары білім
    Мамандығы: экономика, құқықтану, қаржы және жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті өзге де салалар.
    Жұмыс тәжірибесі: компанияда бар бағдарламаның комплаенс элементтерінің көпшілігін жүзеге асыруды көздейтін комплаенс функциясын іске асыруда кемінде бес жыл жалпы жұмыс тәжірибесі.

Қажетті қабілеттер

  • - аналитическое мышление
  • - Ответственность, исполнительность, честность, коммуникабельность
  • - внимательность к деталям, умение работать с большими объемами информации
  • * Дисциплинированность и ответственность

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)