"ҚТЖ" ҰК АҚ Алматы магистралды желі бөлімшесі филиалы Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының механикалық шеберхананың көлік жүргізушісі

от 180680
Алматинская дистанция электроснабжения Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
119

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Барлық үлгідегі автомобильдерді жүргізу, автокөліктерге жанар – жағар май және салқындатқыш құю. Көлікті жолға шығар алдында техникалық жағдайын тексеру және қабылдау, тапсыру және механикалық шеберханаға оралған кезде белгіленген орынға қою. Жүктерді тиеуге және түсіруге көлікті қою, жүктің тиелуін, орналастыруын және бекітілуін бақылау
  • Көлік құралдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау
  • Белгіленген технология мен қауіпсіздік ережелеріне сәйкес жұмыстарды орындау, жарамды құралмен жұмыс істеу, қорғаныс құралдары және жөндеу кезінде көліктің тиісті маркасындағы зауыттық материалдарды ғана пайдалану, сапалы жөндеу, сондай- ақ осы  мақсаттарға бөлінген материалдық ресурстарды дұрыс пайдалану

Біліктілік талаптары:

  • Білімі
  • Орта және арнайы бағдарлама бойынша дайындық
  • Еңбек өтілі
  • Еңбек өтіліне талап қойылмайды

Қосымша талаптар:

  • В,С,Д,Е санаттағы жүргізуші күәлігі талап етіледі

Қажетті қабілеттер

  • - Высокая работоспособность и профессионализм
  • * Активная жизненная позиция, настойчивость, коммуникабельность, энергичнос

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Озат)