"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Алматы магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Достық ст. өрт сөндіру поезының бастығы

308395 - 321873
Алматинское отделение магистральной сети Алматы облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
241

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Өрт сөндіру поезының барлық әрекеттерін басқарады; 
  • Өрт сөндіру поезының қызметтік іс-шаралар, жеке жұмыс жоспар бойынша жылдық, тоқсандық, айлық жұмыс жоспарларын әзірлеуді жүзеге асырады;
  • Өрт сөндіру поезының жұмысшыларының лауазымдық нұсқаулықтарны жасауға қатысады;
  • Қызметтік даярлық, өрт-тактикалық дайындық және өрт-құтқару спорты бағдарламасына сәйкес өртке қарсы пойыздың жеке құрамымен олардың кәсіптік даярлығы бойынша техникалық дайындық жүргізеді және т.б.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (жоғары оқу орнына кейінгі), өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында оқыту
  • Мамандығы: Өрт қауіпсіздігі. Тасымалдау ұйымдастыру және темір жол көлігінде қозғалысты бақылау; Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; Құрылыс, теміржол құрылыстары, темір жол және жол шаруашылығы ; Автоматтандыру және телемеханика; Электрмен қамтамсыз ету; Көлік, көлік техникасы мен технологиясы; Көлік құрылысы; Көліктегі логистика; Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
  • Жұмыс тәжірибесі: жұмыс бейіні бойынша 3 жылдан кем емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)