"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "ЖТ Алматы бөлімшесі" филиалының Алтынкөл станциясы (Алтынкөл ДС) бастығының орынбасары (логистика бойынша)

969868 - 1006173
СТАНЦИЯ АЛТЫНКОЛЬ (ДС Алтынколь) Пиджім а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
175

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • станцияның жұмыс істеуінің технологиялық процесі, станцияның ТҚА және басқа да нормативтік құжаттар негізінде станция жұмысын ұйымдастыру;
  • ҚХР-ға Қорғас станциясына іссапарға баратын қызметкерлерге брифинг өткізу;
  • станцияның барлық техникалық құрылғыларының қызмет көрсетуін және жұмысын қадағалау;
  • жүк бөліміне байланысты қызметкерердың еңбек міндеттерін орындауын және жеке қауіпсіздік шараларын сақтауын тексеруді ұйымдастыру және оған жеке қатысу.Бұл ретте белгіленген нормаларға сәйкес ашық жылжымалы құрамға жүктерді тиеу және бекіту және габаритті емес жүктерді тиеудің техникалық шарттарына ерекше назар аударылады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі
  • Мамандығы: Көлікті тасымалдау, қозғалысын және пайдалануын ұйымдастыру (темір жол көлік)темір жол көлігіндегі жүк және комерциялық жұмыстар,Темір жол көлігіендегі көліктік логистика.
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл, оның ішінде бюро бастығы (жүк пен багажды тінту бойынша), кеңсе(тауар бөлімі) бастығы, жүк учаскесінің бастығы лауазымдарына кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)