Жүк және багажды іздеу агенті "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС филиалының Арыс сыныптан тыс станциясы - "БП Шымкент бөлімшесі"

190950 - 199670
НОД-9 (Шымкентское отделение ГП) Түркістан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
146

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1.Келіп түскен шағымдар бойынша жүктер мен багажды іздестіреді.
2. Тексеруге қатысады және жүктердің сақталмағаны туралы хабарламалар дайындайды.
3. Багажды және жүктерді құжаттардан ажырату және багаж бен жүктердің сақталмауы кезінде коммерциялық актілерді ресімдейді.
4.  Кіріс және шығыс коммерциялық актілерді, жеделхаттың комиссиялық тексеру актілерін қабылдайды және өңдейді.
5. Шағымдарды қарауға қатысады.
6. Алушылар талап етпеген жүктерге құжаттарды ресімдейді.
7. Қатаң есептілік бланкілерінің және сақталмаған жүктерге арналған өзге де құжаттардың сақталуын, жүйеленуін және есепке алынуын қамтамасыз етеді.
8. Жүктерді орталықтандырылған әкету және қайта жіберу үшін тасымалдау құжаттарын дайындайды.
9. Жедел хабарламалар, шағымдар, коммерциялық актілер және жүк алушылар мен жүк жөнелтушілердің талаптары бойынша сақталмаған тасымалдау жағдайларына тергеу жүргізеді және олар бойынша қорытындылар дайындайды.
10. Багажды және жүктерді іздеуді есепке алу және коммерциялық актілерді тіркеу кітаптарын жүргізеді.
11. Сақталмаған жүктерге картотека жүргізеді.

Біліктілік талаптары:

Білім

жоғары

Саладағы мамандық

Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; темір жол көлігінде жүк және коммерциялық жұмыс

Жұмыс тәжірибесі

жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы, поездарды қабылдаушы, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор (СТО)лауазымдарында кемінде 2 жыл, оның ішінде 1 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Орташадан жоғары)