Қызылорда пайдалану локомотив депосының ТЧЭ-34 депосы (өндіріс жөніндегі) бастығының орынбасары

660504 - 759604
ТЧЭ-34 Кызылординское эксплуатационное локомотивное депо 1 группы Қызылорда облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
27

Қаралған саны:
187

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Өндірісті  дайындаудың қажетті деңгейін және оның ұдайы өсуін, өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімдерін арттыруды, шығындарды (материалдық, қаржылық, еңбек) азайтуды, өндірістік ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;
  • Өндірістің қоршаған ортаға зиянды әсерінің алдын алу, ресурстарды ұқыпты пайдалану, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және өндірістің техникалық мәдинетін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге басшылық жасайды;
  • Сапа талаптарының  сақталуын бақылау: депо инфоқұрылымын ұстау, метрологиялық қамтамасыз ету процестері, экология және қоршаған ортаны қорғау, еңбек санитарлық нормалар мен ережелерді, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелерін, электр қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін, өнеркәсіп қауіпсіздігін, ақпараттандыруды және ақпараттық қауіпсіздікті, локомотив жөндеуду, техникалық және сервистік қызмет көрсетуді;
  • Жұмыс орындарын аттестациялау және рационализациялау, өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіреді;
  • Қызметкерлерді  оқыту және олардың біліктілігін  арттыруды ұйымдастырады және кадрларды даярлауды үздіксіз жетілдіруді қамтамасыз етеді;
  • Жеке құрамға терроризмнің алдын алу, төтенше жағдайларға дайындық және азаматтық қорғаныс бойынша тұрақты оқытуды қамтамасыз етеді;
  •  Локомотивтерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу сапасын қарау, локомотив қабылдаушыларынан, телім басшысынан, аға мастер жіне ауысым мастерлерінен есептерін тыңдау;
  • Техникалық құжаттаманы (спецификацияларды, техникалық шарттарды, технологиялық карталарды) уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді;
  • ТО-2 көлемінде орындалған жұмыстардың сапасын, жөндеудің жоспарланған түрлерін, локомотивтерге, депоның басқа да негізгі құралдарына қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсетуді бақылау, көрсетілген жұмыстарды орындайтын жеткізушілермен және мердігілермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру. 
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар (локомотивтер және локомотив шаруашылығы)
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл, оның ішінде локомотив бригадаларының машинист-нұсқаушысы / локомотивтерді қабылдаушы лауазымдарында кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы