«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Қарағанды бөлімшесі» филиалының Балқаш пайдалану локомотив депосының ТЧЭ-16 жүк қозғалысы тепловозы машинисінің көмекшісі

269590 - 269590
ТЧЭ-16 Балхашское эксплуатационное локомотивное депо 3 группы Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
78

Қаралған саны:
443

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Локомитивтерді қабылдау және тапсыру кезінде, сондай -ақ жол бойындағы аялдамалар кезінде қатаң түрде орындау, нормативті құжаттардың және жергілікті нұсқаулықтардың белгіленген талаптарына сайкес .
  • Жүргізішінің ЖЭС жанармай сорғылары мен агрегаттарын күту жөніндегі нұсқауларын уақтылы және дәл орындау, оның қызмет көрсететін және кележатқан поездрадың жәй- күйін бақылау.
  • Белгіленген келіссөздер ережелерін сақтау.
  • Машинист тарапынан жылдамдықты төмендету және тыйым салу сигналына  дейін тоқтату әрекеттері болмаған жағдайда, бағдаршамның тыйым салу сигналының өтуіне жол бермей, пойызды тоқтату үшін барлық шараларды қабылдау білу:
  •  Егер машинис кенеттен локомотивьі басқару мүмкіндігін  жоғалтса , поезды шұғыл тежеу арқылы тоқтату білу, белгіленген тәртіппен оның өздігінен  жүруіне тыйым салыныз,бұл туралы ДНЦ,ДСП радиосвяз бойынша хабарлау.
  • Егер локомотивті (МВПС) басқаруға құқығы болса және машинист көмекшісінің қызмет көрсету нысанасында ТЧЭМИ тиісті қорытындысы болса, ДНЦ бұйрығымен ол поезды жақын жердегі станцияға дейңн жеткізуі керек, құжаттары жоқ жағдайда локомотив бригадасын орнында күту қажет.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) / орта (техникалық және кәсіптік), белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық
  • Мамандығы: Көлік көліктік техника және технологиялар; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану / Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)
  • Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж