Семей белгі беру және байланыс дистанциясы Дегелен станциясының СОБ электромонтері

238473 - 254031
Семейская дистанция сигнализации и связи Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
113

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Поездар қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарын, еңбекті қорғау қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нұсқаулықтарын, санитарлық ережелер мен нормаларды сақтай отырып, СОБ құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу

Бекітілген техникалық қызмет көрсету жоспарлары-кестелері және басқа да жоспарлар бойынша жұмыстарды орындау

Штаттық өлшеу аспаптарын немесе АЖО ШН мүмкіндіктерін техникалық диагностикалау және мониторинг жүйесін немесе микропроцессорлық орталықтандыру жүйелерін пайдалана отырып СОБ құрылғыларының параметрлерін өлшеу

Белгіленген мерзімділікке сәйкес СОБ аспаптарын ауыстыру

ЭЛЕКТРОМЕХАНИКТІҢ нұсқауы бойынша СОБ құрылғыларына кезектен тыс тексерулер мен тексерулер жүргізу

Біліктілік талаптары:

Білім  Орта (техникалық және кәсіптік)

Мамандық    Автоматтандыру және басқару: Радиотехника, электроника және телекоммуникация. Теміржол көлігіндегі Автоматитка, телемеханика және байланыс, радиобайланыс және радиохабар тарату, ақпараттық технология. Есептеу техникасы. Көп арналы электр байланысы; байланыс жнлілері және коммуникация жүйелері.

Жұмыс тәжірибесі  Еңбек өтіліне талап қойылмай.

Қажетті қабілеттер

  • -Знание работы устройств СЦБ и связи в совершенстве.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж