Жүк және багажды қабылдап-тапсырушы Қызылсай станциясы 2-сынып НОД-9 (БП Шымкент бөлімшесі) "ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС

186608 - 194756
НОД-9 (Шымкентское отделение ГП) Түркістан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
114

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1.Кірме жолдарда вагондармен қабылдау-тапсыру операцияларын жүзеге асырады.
2.Бос және тиелген вагондарды коммерциялық тұрғыдан тапсыруды, вагондарды тиеп-түсіргеннен кейін қабылдауды жүргізеді
.3.Тиісті құжаттарды ресімдей отырып, жүктерді тасымалдау ережелерінде көзделген кезде вагоннан жүктерді беруді жүргізеді.
4.Кірме жолға коммерциялық тұрғыдан тиелген және бос вагондарды берген кезде тексереді, бос вагондарды техникалық тексеруге ұсынады.
5.Қабылдау-тапсыру жадынамаларын, вагондарды беру және жинау ведомостарын, жалпы нысандағы актілерді жүргізеді. Қабылдау-тапсыру жадынамасын, вагондарды беру және жинау ведомосын, есептеуге арналған жалпы нысандағы актілерді уақтылы тапсыруды қамтамасыз етеді
6.Жүктерді тасымалдау Ережелеріне сәйкес тасымалдау құжаттарын ресімдейді, вагон парағын толтырады, жөнелтуге қабылдау кітаптарын, ВУ-14 техникалық байқау кітабын, қажет болған жағдайда жүктерді ауыстыру кітабын және бақылау салмақтарын есепке алу кітабын және басқа да кітаптарды белгіленген тәртіппен жүргізеді..
.7. Жүктерді жөнелтуші мен алушының жүктерді тасымалдау ережелерін, қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін, жүктерді тиеу мен бекітудің техникалық шарттарын сақтауын бақылайды, жүк көтергіштігінен артық жүктемені болдырмау мақсатында вагондардың тиелуіне бақылау тексерулерін жүргізеді
.8. Тасымалданатын жүктің сақталуын қамтамасыз етуді қадағалайды. Қажет болған жағдайда қабылдау-тапсырушының баянатын жасайды, қажет болған жағдайда жалпы нысандағы актілерді, цистерналардың төгілмеуі туралы актілерді және т.б. жасайды. Вагондарды түсіргеннен кейін түсіру мен тазалаудың толықтығын, трафаретті алып тастауды тексереді.
10. Ауысым барысында өз учаскесіндегі жағдайды бақылайды және ауысым басшысына баяндайды.

Біліктілік талаптары:

Білім

жоғары, орта-техникалық

Саладағы мамандық

Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Коммерциялық қызмет (теміржол көлігі), белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық

Жұмыс тәжірибесі

еңбек өтіліне талап қойылмай

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Орташадан жоғары)