Жүйе талдаушысы

ТОО "Мобайл Телеком-Сервис" (Объединенная Компания Tele2/ALTEL) Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
162

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Бизнестің қажеттіліктерін анықтауға қатысу: бизнес талаптарын жинау, қалыптастыру және оңтайландыру;
  • Бизнес талаптарын техникалық талдау, Digital жүйелерінің және басқа да байланысты жүйелердің өзгертуді қажет ететін тұстарын анықтау;
  • Бизнес талаптарын іске асыру үшін талап етілетін техникалық шешімдерді жобалау;
  • Confluence-те жасау командасына қажетті техникалық талаптарды және жобаланатын шешімдерді құжаттау;
  • Талаптарды командамен және сыртқы бөлімшелермен келісімдеу;
  • Іске асыру процесінде жасау командасын қолдау;
  • Test-case жасауға және тестілеуге қатысу;
  • Техникалық құжаттаманы дайындау.

Қойылатын талаптар:

  • АТ-шешімдерді жобалаудың архитектуралық паттерндерін білу (сервисті көздейтін, микросервистік, оқиғаға қатысты, монолитті және т.б.)
  • REST API жобалау дағдылары;
  • SQL және дерекқорларды жобалау принциптерін білу;
  • АТ-шешімдерді құруға қажетті бизнес дағдылары мен жүйені талдау дағдылары;
  • Талдау техникаларын білу. Дұрыс жүйелеуді, бөліктерге бөлуді, өзара байланысын анықтауды білу;
  • Құрылымдау техникаларын және талаптардың сипаттамаларын білу;
  • BPMN/UML нотацияларында немесе соған ұқсас нотацияларда диаграммалармен жұмыс істеу тәжірибесі;
  • Confluence/JIRA, Postman, Swagger, Git құралдарын пайдалана білу;
  • Бағдарламалық жасақтаманың өмірлік циклін және БЖ жасаудың негізгі әдіснамаларын түсіну;
  • UI/UX бойынша базалық түсінігі болуы;
  • Сын тұрғысынан және жүйелі түрде ойлану қабілеті;
  • Agile/Scrum командаларында жұмыс істеу тәжірибесі болғаны жақсы.

Біз не ұсынамыз:

  • Жылдық лайықты сыйақы;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
  • Қосымша медициналық сақтандыру;
  • Нарықтағы үздік провайдерлерден білім алу;
  • MyBook-ке тегін жазылу;
  • Корпоративтік фитнес қызметтерін ұсыну;
  • Қала орталығындағы жаңа заманауи кеңсе;
  • Гибридті жұмыс форматы;
  • 3 түрлі жұмыс кестесі: 08:00 - 17:00; 09:00 - 18:00; 10:00 - 19:00.