Құжаттарды өңдеу маманы

ТОО "Мобайл Телеком-Сервис" (Объединенная Компания Tele2/ALTEL) Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
188

   Конкурс туралы

Біз заманауи цифрлық қызметтердің әлеуетін іске асыру арқылы өмір сүру сапасын жақсартуға болатынына сенеміз. Біз Ookla нұсқасы бойынша үш жыл қатарынан Қазақстан операторларының ішінде байланыспен қамту және жылдамдық жағынан бірінші орында келеміз. Сондай-ақ, «Орталық Азия HR-бренді» сыйлығының шешімі бойынша елдегі ең үздік жұмыс беруші деп танылдық.

Біз қағидаларды өзгертуден, өршіл мақсаттарды қоюдан жасқанбаймыз. Өзімізге әрдайым жоғары талап қоямыз: біздің жұмысымыздың нәтижесін дос-жарандарымыз, туған-туыстарымыз, еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын миллиондаған абоненттеріміз қолданады, және өзіміз де оны қолданамыз. Кеңседегі әрбір күн біз үшін жаңа сынақпен басталады: біз клиенттеріміздің өмірін жақсарта түсу үшін тағы не ойлап тапсақ екен деп тұрамыз.

Сіздің негізгі міндеттеріңіз:

  • Бастапқы құжаттарды есепке алу жүйесінде көрсету;
  • НҚ (негізгі құралдар) іске қосу.

Біздің үздік үміткеріміздің машықтары:

  • Бастапқы құжаттарды өткізу қағидаларын білу, бухгалтерлік есептеме бөлімдерін (НҚ және ТМҚ (тауарлық-материалдық құндылықтар) білген дұрыс;
  • 1С жетік білу.

Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және бұлар ғана емес:

  • Тұрақты еңбекақы және жылдық лайықты сыйақы;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
  • Қосымша медициналық сақтандыру;
  • Нарықтағы үздік провайдерлерден білім алу;
  • MyBook-ке тегін жазылу;
  • Корпоративтік фитнес қызметтерін ұсыну;
  • Қала орталығындағы жаңа заманауи кеңсе.

Теле2 — мүмкіндіктер аймағы. Бұл жерде сені қандай болсаң, сол күйіңде қабылдайды, қолдау көрсетеді, бағыт береді және алдыңнан көптеген мүмкіндіктер ашылады.