Сметашы маман (АҚС (азаматтық-құқықтық сипаттағы)

ТОО "Мобайл Телеком-Сервис" (Объединенная Компания Tele2/ALTEL) Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
181

   Конкурс туралы

Біз заманауи цифрлық қызметтердің әлеуетін іске асыру арқылы өмір сүру сапасын жақсартуға болатынына сенеміз. Біз Ookla нұсқасы бойынша үш жыл қатарынан Қазақстан операторларының ішінде байланыспен қамту және жылдамдық жағынан бірінші орында келеміз. Сондай-ақ, «Орталық Азия HR-бренді» сыйлығының шешімі бойынша елдегі ең үздік жұмыс беруші деп танылдық.

Біз қағидаларды өзгертуден, өршіл мақсаттарды қоюдан жасқанбаймыз. Өзімізге әрдайым жоғары талап қоямыз: біздің жұмысымыздың нәтижесін дос-жарандарымыз, туған-туыстарымыз, еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын миллиондаған абоненттеріміз қолданады, және өзіміз де оны қолданамыз. Кеңседегі әрбір күн біз үшін жаңа сынақпен басталады: біз клиенттеріміздің өмірін жақсарта түсу үшін тағы не ойлап тапсақ екен деп тұрамыз.

Сіздің негізгі міндеттеріңіз:

  • ҚМЖ (құрылыс-монтаж жұмыстары) көлемінің, сондай-ақ ЖСҚ (жобалық-сметалық құжаттама) бекітілген құрылымдардың жұмыс сызбаларына, құрылыс нормалары мен ережелеріне, стандарттарға, техникалық шарттарға, еңбекті қорғау нормаларына сәйкестігін тексеру;
  • Жұмыс жобаларының негізінде жұмыстар көлемінің тізімдемесін құрастыру;
  • Жұмыс жобаларының негізінде Excell және АВС-4 форматтарындағы сметалық құжаттаманы құрастыру;
  • Жобалық құжаттамадан материалдардың көлемі мен жұмыстардың ауқымын санай білу;
  • Сыртқы және ішкі инженерлік желілерді білу (міндетті түрде);
  • ЖСҚ жүргізуге қатысты мердігерлік мекемелермен даулы мәселелерді қарастыру үшін материалдар дайындау.

Біздің үздік үміткеріміздің машықтары:

  • Жұмыстар мен материалдардың іс жүзіндегі көлемін есептеу тәжірибесі;
  • Орындалған жұмыстарды мөлшері және сапасы бойынша қабылдау тәжірибесі;
  • Жобалық-сметалық құжаттамамен жұмыс тәжірибесі;
  • Объектілердің құрылысына қатысты сметалық құжаттаманы, құнын есептеуді, орындалған жұмыстарды есепке алуды тексеруді жүзеге асыру;
  • Жинақтаушы тізімдемелерді жүргізу дағдысы;
  • Келісім-шарттармен жұмыс істеу дағдысы, коммерциялық сметаны құрастыру және жұмыс істеу. 

Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және бұлар ғана емес:

  • Тұрақты еңбекақы және жылдық лайықты сыйақы;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
  • Қосымша медициналық сақтандыру;
  • Нарықтағы үздік провайдерлерден білім алу;
  • MyBook-ке тегін жазылу;
  • Корпоративтік фитнес қызметтерін ұсыну;
  • Қала орталығындағы жаңа заманауи кеңсе.

Теле2 — мүмкіндіктер аймағы. Бұл жерде сені қандай болсаң, сол күйіңде қабылдайды, қолдау көрсетеді, бағыт береді және алдыңнан көптеген мүмкіндіктер ашылады.