Ақмола мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің Көкшетау ст. инспекторы

от 206210
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Көкшетау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
203

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Іскерлік әдеп кодексінде көзделген міндеттерді сақтау;
  • еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау;
  • осы лауазымдық нұсқаулықта және ҚР өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдарының нормативтік құқықтық актілерінің және ҚТЖ жергілікті актілерінің талаптарында көзделген еңбек міндеттерін сапалы және уақтылы орындау;
  • құрылымдық бөлімшенің жұмыс жоспарларын, басшылықтың тапсырмаларын орындау;
  • қызметтік құжаттарды қарау және шешімдер қабылдау кезінде бюрократия көріністеріне жол бермеу, сондай-ақ олар бойынша ҚТЖ жергілікті актілерінде белгіленген мерзімдерде қажетті шаралар қабылдау;
  • жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларда белгіленген іскерлік этика және корпоративтік мәдениет нормаларын, еңбек шартының, корпоративтік басқару кодексінің және ҚТЖ (жұмыс берушінің) өзге де жергілікті актілерінің талаптарын сақтау;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының, мемлекеттік органдардың, Жалғыз акционердің актілерінің және ҚТЖ қызметіне қатысты өзге де құжаттардың нормалары мен талаптарын сақтау;
  • құпиялылық нормаларын және ҚТЖ жергілікті актілерін бұзбай сенімді ақпаратты уақтылы ұсыну;
  • жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: орта және жоғары;
  • Жалпы жұмыс тәжірибесі: өрт қауіпсіздігі жөніндегі басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл (жоғары), 4 жыл(орта).
  • Мамандық: көлік техникасы мен технологиялары (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары, вагондар); өрт қауіпсіздігі; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі).

Қосымша талаптар:

Білуі керек:

  • «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» заңы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының теміржол көлігі және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдарының нормативтік құқықтық актілері, өртке қарсы қызмет жарғысы, «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҚТЖ) Жарғысы,  сондай-ақ өрт қауіпсіздігінің, менеджменттің интеграцияланған жүйесінің талаптарын регламенттейтін жергілікті актілер – ҚТЖ темір жол көлігіндегі мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет туралы ереже. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің  бөлімшелерінде қызметті ұйымдастыру жөніндегі құжаттардың талаптары; НҚА, НТҚ, объектілерде және жылжымалы құрамда өрт қауіптілігін бағалау және өрттің себептерін анықтау әдістері; ӨТТ қорытындылары бойынша құжаттарды рәсімдеу, өрттің себептерін тексеру тәртібі.
  • Міндетті: өрт-техникалық тексеру жүргізу, объектілерде және жылжымалы құрамда өрттердің себептерін тергеу, ДК-де, Word, Excel, PowerPoint, ЭҚЖ (электрондық құжат айналымы жүйесі) бағдарламаларында жұмыс істеу.
  • Жобалық материалдарға, көлемдік - жоспарлау шешімдеріне, өртке қарсы тосқауылдарға, өрт автоматикасы жүйелеріне, ғимараттардың, құрылыстардың, жылжымалы құрамның электр-техникалық бөлігіне сараптама жүргізуін білген жөн.
  • нысандар мен жылжымалы құрамның өрт қауіптілігі тәуекелдерін есептей білу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр