"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "ЖТ Алматы бөлімшесі" филиалының Достық станциясы (ДС Достық) өндірістік қауіпсіздік және экология секторының жетекші маманы (өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша)

10000000 - 325044
Станция Достык (ДС Достык) Достық а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
219

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілінуін мониторинг ету;
  • Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді ұйымдастыру және қатысу, негізгі себептерін анықтау;
  • Өндірістік жарақаттану және кәсіби аурулар себептеріне талдау жасау;
  • Белгіленген нысандар бойынша есептер жүргізу, өндірістік қауіпсіздік құжаттама жүргізу;
  • Еңбек шарттары бойынша жұмыс орындарында аттестация ұйымдастыру, өткізу;
  • Еңбек жағдайларын жақсарту, өндірістік санитария құрылымдық бөлімшелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • Құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік санитария және еңбек жағдайын жақсарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • Өндірістік қауіпсіздік деңгейін көтеру бағытында техникалық іс шаралардың тиімділігі мен нәтижелігіне баға беру;
  • Қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша кешенді жоспарлардың орындалуын мониторинг жасау, әзірлеу жұмыстарын ұцымдастыру;
  • Желілік деңгейге белгіленген есеп беру.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Транспорт, транспорттық техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер, электронды жылжымалы құрам), Темір жол транспортында қозғалыс және көлікті ұйымдастыру (теміржол транспорты), электротехника, (радиотехника, электроника және телекомуникация), автоматизация эәне басқару, электроэнергетика, стандартизация, метрология және сертификация, өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.  
  • Жұмыс тәжірибесі: жұмыс бейіні бойынша 1 жылдан кем емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)