Көпфункциональдық техникалық құрылғылар кешені электрмеханигі

от 166882
Уральская дистанция сигнализации и связи Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
150

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Жаңадан қабылданған қызметкерлермен жұмыстың қауіпсіз әдістерін үйрету үшін стажировкадан өту;
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында күнделікті мониторинг жүргізу, еңбектң қорғау күндеріне, көктемгі және күзгі дистанциялық тксерулерге қатысу;
Жұмыстың қауіпсіз әдісімен жасайтын жұмысшыларды оқытуды уақытылы және  сапалы ұйымдастыру;
Нұсқаулықтар өткізу (бастапқы, мақсатты, қайталау, жоспардан тыс) және нұсқаулықтарды тіркеу журналын жүргізу;
Қарамағындағы жұмысшылардың өз уақытында медициналық тексерістерден (кезекті және смена алдындағы) өтуін қадағалау. Қанағаттанарлықсыз болған жағдайдажұмысқа жібермеу, басшыға ескертіп, медициналық мекемеге жіберу;
Аппаратураны бастапқы өңдеумен, ток өткізетін бөліктерді өзара және корпусқа қатысты ашу, тазалау, оқшаулауды өлшеумен айналысады.

Басшылықтан тиісті рұқсат алмайынша, кепілдік мерзімі ішінде жұмыс істемейтін құрылғыларды ашуға болмайды;
Жеке қорғау құралдарының болуын және пайдаланылуын , жұмыс киімін, қауіпсіздік аяқ киімін және басқа да жеке қорғану құралдарын сақтау, беру және сынау ережелерінің сақталуын тексеру.
Құрылғылардың техникалық жай-күйінің нормалары бұзылған немесе ауытқулар анықталған жағдайда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін сақтай отырып, оларды мүмкіндігінше тезірек жою жөнінде шаралар қабылдауға; 
Тек бекітілген техникалық құжаттамаға сәйкес қызмет көрсетілетін құрылғыларға өзгертулер енгізу жұмыстарын жүргізу
Теориялық және практикалық қызмет көрсетілетін құрылғыларды және жұмыс ережелерін білу, сонымен қатарқұрылғы параматетрлерін өлшей және реттей алу, монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізу дағдыларының болуы; жүйелі түрде білім деңгейін көтеру, өз тәжірибесімен  және білімімен қарамағындағы қызметкерлермен бөлісу. Құрылғылардың дұрыс техникалық жай-күйінің нормаларынан ауытқулар немесе ақаулар анықталған жағдайда, оларды мүмкіндігінше тезірек жоюға шаралар қабылдауға , қызмет көрсетілетін аймақта олардың қайталануын болдырмау үшін ақаулықтардың себептерін анықтауға, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыс ережелерін сақтауға. Өзі ақауды табалмаған жағдайда байланыс диспетчеріне жедел хабарлауға, нәтижесін журналға жазуға міндетті.                                                                                                                                                                            Қорғаныс құралдарын ауыстыру жиілігін білу және оларды уақытылы тексеру;
БҚАЖ құрылғыларын күтудің жылдық және төрт апаталық кестесі бойынша жұмысты жоспарлау.
Байланыс құрылғыларының жағдайындағы және есептерде, БҚАЖ журналдарында белгіленген кемшіліктерді дер кезінде жоюды ұйымдастырады және практикалық көмек көрсетеді. Сонымен қатар, сенімділікті арттыру бойынша жұмыстарды жүргізу және байланыс құрылғыларының жұмысындағы ақаулардың қайталануын жоюға бағытталған шараларды жүзеге асыру. 
Қысқы еңбек жағдайына өз бекітілген телімінде құрылғыларды  уақытылы және сапалы дайындау; ШУ-2 Журналында көрсетілген комиссиялы, жеке тексерістер нәтижесінде анықталған жетіспеушіліктерді электрмонтердің уақытылы және сапалы орындауына бақылау жүргізу;  БҚАЖ еден жабдықтарындағы кабельдер изоляциясының кедергісін және еден аппаратура камераларын өлшеу;  БҚАЖ жұмысшылармен бірігіп, радио және БҚАЖ  құрылғыларына алдын алу жұмыстарын жүргізу;Тасыаладнатын жүктерді сақтау және тауар-матеиалдық құндылықтарды қамтамасыз ету мақсатында темңр жол көлігі нысандарынан ұрық жағдайы болған кезде шұғыл түрде хабарлау. 

Біліктілік талаптары:

Білімі

Орта - техникалық, кәсіп, саладағы, белгіленген бағдарламаға сейкес арнайы дайындық

Саладағы мамандық

Жұмыс өтілімі

Сигнализация және байланыс дистанциясы электромеханик қызметінде кем дегенде 1 жыл еңбек өтілімі

Қосымша талаптар:

Темір жол көлігін басқару саласы бойынша жалпы талаптарды білу.

 

Қажетті қабілеттер

  • старший электромеханик КТСМ

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Орыс тілі (Бастапқы)