«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» филиалдың 1-тобындағы Шу пайдалану локомотив депосының ТЧЭ-30 бухгалтері (1-санат)

от 200000
ТЧЭ-30 Шуское эксплуатационное локомотивное депо 1 группы Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
135

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Жалақыны есептеу бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдауды жүзеге асырады және оларды есептік өңдеуге дайындайды. Бухгалтерлік есеп шоттарында жалақыны есептеуге байланысты операцияларды көрсетеді;
  • қызметкерлер мен зейнеткерлердің жалақысы, дебиторлық және кредиторлық берешегі шоттары бойынша синтетикалық және талдамалық есеп жүргізеді. Ай сайын осы шоттарды талдамалық есепке алу ведомостары бойынша талдау және бақылау жүргізеді;
  • "Sap" - GP3, GH3 бағдарламасында жұмысшыларға, қызметшілерге және зейнеткерлерге еңбекақы, сыйлықақылар, үстемеақылар және әлеуметтік жеңілдіктердің барлық түрлері бойынша уақтылы есептеу мен ұстап қалуды жүргізеді;
  • кадрлар бөлімінің қабылдау, орын ауыстыру, жұмыстан босату бұйрықтары негізінде қызметкердің жеке карточкасына тиісті өзгерістер енгізеді, сондай - ақ салық, зейнетақы ақпаратын, жинақ кассасы бойынша ақпаратты, тұрақты есептеулер мен ұстап қалуларды "Sap" - GH3 бағдарламасының анықтамалықтарына енгізеді;
  • қызметкердің жұмыс режимі өзгерген кезде есеп жүргізеді, егер қызметкер бір ай ішінде бір лауазымнан екінші лауазымға ауыстырылған жағдайда жалақыны қайта есептейді; қызметкерге басқа разряд берген кезде; орындалатын жұмыс бойынша қызметкерлердің жалақысын қайта есептейді;
  • демалысты, сессияны беру туралы бұйрықтарды есептейді, кадрлар бөлімінің бұйрықтарына сәйкес демалыстарды төлеу үшін орташа жалақыны есептеуді есеп айырысу парақтарымен салыстырады;
  • аударуға өтінімдер дайындайды (демалыс, мерейтойлық күндер, зейнеткерлікке шығуға арналған жәрдемақылар және аударуға арналған төлем тапсырмалары мен тізімдерін қалыптастырады);
  • еңбекке жарамсыздық парақтарын толтырудың дұрыстығын тексереді, күндер бойынша төлеу үшін орташа жалақының толық жазылуын салыстырады: есептеу сомасын, есептеуге арналған күндерді, табельмен салыстырады, еңбекке жарамсыздық парағын есептейді және барлық ақпаратты "Sap"бағдарламасына енгізеді;
  • әлеуметтік жеңілдіктер бойынша айлық, тоқсандық, жылдық есептерді жасайды;
  • қызметкерлердің талабы бойынша жалақы бойынша табыстар туралы анықтама береді;
  • қызметкерлерге жалақыны есептеуді түсіндіреді, нақты жұмыс істеген сағаттар бойынша орташа жалақыны есептеуді бақылайды, қызметкерлерге жалақыны есептеуді түсіндіру үшін Сары-Шаған СҮ-19-ға барады.


Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Экономика; Қаржы, Бухгалтерлік есеп және аудит
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)