Қазалы дабыл және байланыс дистанциясының 1 санатты техникалық құралдарды пайдалану жөніндегі инженері

306810 - 325044
Казалинская дистанция сигнализации и связи Қазалы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
123

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қашықтықта пайдаланылатын СОБ құрылғыларының істен шығуы және жұмысының сенімділігі туралы ақпарат жинауды ұйымдастыру;
  • белгілі бір кезеңдегі құрылғылардың жұмысын талдау;
  • сенімділікті арттыру іс-шараларын орындау жөніндегі жұмыстарға қатысу;
  • олардың сенімділігін арттыру мақсатында құрылғылар мен схемаларды жаңғырту немесе жетілдіру жөніндегі жұмысты орындау;
  • жаңа техниканы енгізу жөніндегі жұмыстарға қатысу;
  • СОБ құрылғыларының монтаждық және қағидаттық схемаларына өзгерістер енгізу;
  • станциялар мен өткелдерде СОБ құрылғыларын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және жергілікті нұсқаулықты жасау;
  • СОБ құрылғыларын пайдалану бойынша схемаларды, нұсқаулықтарды және жергілікті нұсқаулықтарды уақтылы жаңарту;
  • арақашықтықтың қағидаттық және монтаждық схемаларын қоршау данасымен және зертхана данасымен салыстыру 
  • жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Автоматтандыру және басқару; Радиотехника, электроника және телекоммуникация, Теміржол көлігіндегі Автоматика, телемеханика және байланыс, Радиобайланыс және радиохабар тарату, ақпараттық технология, Есептеу техникасы, Көп арналы электр байланысы; байланыс желілері және коммуникация жүйелері;
  • Жұмыс тәжірибесі: СЦБ электромеханигі лауазымында кемінде 1 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы