ұңғымаларды бұрғылау және жөндеу жобалау қызметінің сарапшысы

"ҚМГ Инжиниринг" ЖШС-нің Атыраудағы филиалы Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
314

   Конкурс туралы
Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттер:

1. Қызмет басшысы болмаған жағдайда қызметке әкімшілік-техникалық
басшылықты қамтамасыз ету;
2. Жобалық құжаттаманың белгіленген талаптарға, кестеге және бекітілген
бюджетке сәйкес сапалы және уақытылы орындалуы;
3. Нормативтік құжаттарға сәйкес жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу;
4. Техникалық жобаны жасау үшін қажетті есептеудің барлық түрлерін орындау
(бағдарламалық қамтамасыз етуде);
5. Есептік құжаттарды, презентацияларды және өзге де жобалық материалдарды
дайындау;
6. Қабылданған жобалық шешімдердің негіздемесін ұсыну (қажет болған
жағдайда);
7. Бақылаушы органдарда, сараптамаларда, сондай-ақ тапсырыс берушіде
қабылданған жобалық шешімдерді қорғау;
8. Шешімдерді сабақтас департаменттермен және жоба жетекшілерімен
байланыстыру және келісу, басқа департаменттермен келісу үшін техникалық
құжаттаманы тексеру (басшысының тапсырмасы бойынша);
9. Жұмыс барысында туындайтын тәуекелдерді жою шараларын анықтауды және
әзірлеуді қамтамасыз ету;
10. Авторлық қадағалауды жүзеге асыру;
11. Техникалық жобаларға қосымшаларды дайындау және әзірлеу;
12. Жұмыстың сапасына ықпал ететін әдістемелік және жұмыс бағдарламаларын
әзірлеуге қатысу;
13. Басшылықтың бұйрықтары мен нұсқауларының уақтылы және дұрыс
орындалуын қамтамасыз ету;
14. Ұңғымаларды бұрғылау процесінде асқынулардың негізгі себептері және
оларды жою әдістері;
15. Жобалау жұмыстарының анықтамалық-ақпараттық базасын құруға және
дамытуға қатысу. Келісімдер алу үшін бақылаушы органдармен жұмыстарды
ұйымдастыру.

Талаптар:
Білім деңгейі – тиісті қызмет бейініне сәйкес жоғары кәсіптік білім.
Білім бейіні – техникалық мұнай және газ кен орындарын бұрғылау/жобалау
саласында.
Кәсіби саладағы жұмыс өтілі - Кем дегенде 6 жыл

Шарттар:
Атырау
5/2