Техникалық құжаттама және қосымшалар маманы
"Эйр Астана" АҚ Алматы қ.
Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
- 16.04.2024
- Берілген өтінім:
- 10
- Қаралған саны:
- 182
МІНДЕТТЕР:
- Инженерлік-техникалық қызмет көрсету Департаментіне қажетті техникалық құжаттарға жазылу/жазылымды жаңарту.
- Инженерлік-техникалық қызмет көрсету Департаментінің құжаттарын қабылдау.
- Қабылданған техникалық құжаттарды электрондық регистрлерде уақтылы тіркеу.
- Техникалық құжаттарды серверге/әрекеттегі платформаға орналастырып жүктеу.
- Техникалық құжаттарды пайдаланушылардың тізіміне сәйкес тарату.
- Техникалық құжаттардың пайдаланушыларға жеткендігін қадағалау.
- Әуекеме және компоненттер шығарушылары сайттарында техникалық құжаттардың жаңартылған шығарылымдарын әрдайым тексеріп бақылау.
- Техникалық құжаттардың қосымша даналарын пайдаланушыларда, серверде, құжаттық платформада жаңарту.
- Контракт бойынша әуекемелеріне қызмет көрсетілетін сыртқы компаниялардың техникалық құжаттарын қабылдау/жаңарту.
- Контракт бойынша әуекемелеріне қызмет көрсетілетін сыртқы компаниялардың техникалық құжаттарын сервердегі электрондық регистрлерде тіркеу/жаңарту.
- Авиациялық билік сайттарынан екі аптада бір рет шығатын ұшу жарамдылығы жөніндегі директиваларды жүктеп алу.
- Ұшу жөніндегі директивалардың қайта шығарылған екі апталық есептемелерін Аға инженерлерге қол қою арқылы тапсыру.
- Компоненттерді жөндеу цехына қажетті компоненттерге қызмет көрсетудің техникалық құжаттарын қабылдауды/жаңартуды/таратуды қадағалау.
- ТҚКБ-нің шығарған техникалық-ақпараттық хабарламаларын (TIN) Авиакомпания ішінде тарату.
- Әуекеме шығарушылары сайттарындағы құжаттармен авиакомпания қызметкерлерінің жұмыс жасау мүмкіндіктерін қадағалау.
- Инженерлік-техникалық қызмет көрсету Департаменті үшін құжаттық платформада техникалық құжаттармен әкімшілік жұмыс жүргізу.
- Кеңсе тауарлары мен ТҚКБ-нің техникасын қадағалап, керекті кездерде тапсырыс беру.
- ТҚКБ қызметкерлерінің жұмыс уақытының есебі табелін жүргізу.
- Жұмыс барысында туындаған күнделікті мәселелерді уақтылы шешу.
- Әртүрлі құрылғылардағы техникалық құжаттардың жұмыс жасауын қадағалау. Ақпараттық технологиялар Департаментімен бірлесе отырып, Инженерлік-техникалық қызмет көрсету Департаментінің техникалық құжаттармен жұмыс жасауы үшін, керекті шараларды қолдану. Техникалық құжаттар құрылғылары істен шыққанда, Ақпараттық технологиялар Департаментіне дер кезінде сұраныс жіберу.
ТАЛАПТАР:
- Жоғары білім, мамандандыруға деген талаптарсыз.
- 1-2-жылдық жұмыс тәжірибесі.
- (AMM, IPC, CMM, SRM) секілді әуекеме құжаттарымен жұмыс жасау тәжрибесінің бары - қолайлы.
- Ағылшын тілінің деңгейі құжаттармен жұмыс жасай алатындай және де шетелдік өкілдермен электрондық хат жазыса алатындай болуы қажет.