жетекші бухгалтер

"Волковгеология" АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
157

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Бухгалтерлік есептің тиісті бағыттары бойынша бастапқы құжаттарды қабылдау және бақылау және оларды бухгалтерлік өңдеуге дайындау; • Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша жұмыстарды орындау (тауарлы-материалдық қорлардың, өндірістік шығындардың, шаруашылық және қаржылық қызмет нәтижелерінің, жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың, көрсетілген қызметтер үшін және т.б. есепке алу); • Тауарлы-материалдық қорлар мен ақша қаражаттарының қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету; • Бухгалтерлік есеп шоттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешекті және басқа да шығындарды есептен шығарудың заңдылығын, есеп құжаттарының сақталуын, олардың ресімделуін және белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету; • Қаражаттарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды, есеп айырысуларды және төлем міндеттемелерін түгендеуге қатысу; • Заңға сәйкес салық және мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, зейнетақы және басқа да сақтандыру жарналарын, банктерге төлемдерді есептеу мен аударуды жүзеге асыру; • Жалақыны есептеудің барлық түрлерін жүргізу; • Қызметкерлердің өтініші бойынша жалақы туралы анықтамалар беру; • Жалақыны бөлуді құрастыру және шоғырландырылған есептілікке қосу үшін деректерді беру; • Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке тұлғалардан жеке табыс салығын ұстау және оны бухгалтерлік есепте көрсету; • Зейнетақы қорына аударымдарды есептеу, аударымдар бойынша ведомості дайындау және операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету; • Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік салықты есептеу және бухгалтерлік есепте операцияларды көрсету; • Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік сақтандыру жарналарын есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару; • Мүгедектік бойынша жәрдемақыны есептеу; • Жедел есептерді, бухгалтерлік және статистикалық есептілікті жасау және оларды белгіленген тәртіпте тиісті органдарға ұсыну; • Белгіленген мерзімде филиал бойынша статистикалық есептерді жасау;

Білім:

Жоғары кәсіптік, Экономикалық

Дағдылар:

бухгалтерлік есеп саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері; • қаржылық және бақылау және аудит органдарының бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыру мәселелері бойынша, сондай-ақ Орталықтың шаруашылық-қаржылық қызметіне қатысты әдістемелік материалдары; • азаматтық құқық, қаржы, салық, әкімшілік және экономикалық заңнама; • зейнетақымен қамсыздандыру туралы негізгі заңнама; • ұйымдарда бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың ережелері мен нұсқаулары, оны жүргізу ережелері; • бухгалтерлік есептің нысандары мен әдістері; • бухгалтерлік есеп салаларындағы операцияларды өңдеу және құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі; • қаржылық есеп айырысу нысандары мен тәртібі; • саланың шаруашылық-қаржылық қызметіне экономикалық талдау жүргізу, шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтау әдістері; • қаражаттарды, тауарлы-материалдық құндылықтарды және басқа да құндылықтарды қабылдау, капиталдандыру, сақтау және жұмсау тәртібі; • кассалық операцияларды жүргізу ережелері; • дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу ережелері; • заңды және жеке тұлғаларға салық салу шарттары; • бухгалтерлік есеп шоттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық қарыздарды және басқа да шығындарды есептен шығару тәртібі; • қорларды және тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізу ережелері; • тексерулер мен құжаттамалық тексерулерді жүргізу ережелері; • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы; • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері мен нормалары; • ішкі еңбек тәртібі; • «Волковгеология» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) саясаты және Бірыңғай басқару жүйесі (бұдан әрі – БМЖ) саласындағы TSOME мақсаттары, БАЖ құжаттары. • Қалаулы: • Кәсіби сертификаттың/атақ/дәреженің болуы

Қосымша:

...

Білетін тілдер:

қазақ, орыс