Метрология бөлімінің 2 санатты метрология инженері

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
123

   Конкурс туралы

Міндеттері:

Өлшеу саласындағы өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуді дамыту және жетілдіру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды әзірлеуге қатысу.

Кәсіпорындағы өлшеу құралдарының жай-күйі мен қолданылуына метрологиялық бақылауды жүзеге асыру.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің озық отандық және шетелдік тәжірибесін зерделеу.

Метрология мәселелері бойынша стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттарды әзірлеуге және келісуге қатысу.

Өлшеу құралдары мен әдістері туралы мәліметтерді қамтитын технологиялық құжаттамаға және басқа да НТҚ метрологиялық сараптама жүргізу.

Кәсіпорынға жаңадан келіп түсетін өлшеу құралдарына кіріс бақылауын жүзеге асыру.

Кәсіпорында өлшеу құралдарын есепке алу бойынша жұмысты жүзеге асыру.

Кәсіпорында тексеру зертханасын аккредиттеу, қайта аккредиттеу, аккредиттеу саласын кеңейту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу.


Талаптар:

«Стандарттау, сертификаттау және метрология», «Метрология» бойынша тиісті мамандығын игерген жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімінің болуы, санаты жоқ метрология жөніндегі инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы керек

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр