«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Қарағанды бөлімшесі» филиалының Қарағанды пайдалану локомотив депосының ТЧЭ-14 жөндеуді бақылау бөлімінің бастығы

444075 - 463895
ТЧЭ-14 Карагандинское эксплуатационное локомотивное депо 1 группы Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
89

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • КЖ күрделі жөндеуге, ТОУ-8, ТО-8, ТО-7 техникалық қызмет көрсетуге құрал-сайман паркіндегі локомотивтердің өндірістік бағдарламасын анықтау;
  • Инженер-технологтармен, локомотивтерді қабылдаушылармен жөндеу депосының цехтарын, сонымен қоса локомотивтерді техникалық қызмет көрсетуден байқауды ұйымдастыру;
  • Өз құзіреті бойынша жетіспеушіліктерді жоюға бағытталған шараларды әзірлеумен пайдалану локомотив депосының техникалық тексерісіне және кешендік тексерісіне қатысу;
  • Локомотив паркін қабылдау және беру үшін бақылауды жүзеше асыру;
  • ТЧЭ-14 Қарағанды және ТД-11 Ақадыр инженер-технологтардың жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау;
  • КЖ күрделі жөндеуге, ТОУ-8, ТО-8, РУД, КДХ техникалық қызмет көрсетуге жіберген кезде локомотивтердің жетіспеген жабдықтары мен тораптарына алдын ала түгендеу жүргізу;  
  • Локомотив паркін қысқы және жазғы тасымалдауға әзірлеуге қатысу.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейін)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар (локомотивтер және локомотив шаруашылығы)
  • Жұмыс тәжірибесі: тиісті қызмет бейіні бойынша лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы

Ұқсас вакансиялар

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Қарағанды бөлімшесі» филиалының Қарағанды пайдалану локомотив депосының ТО-2 ТЧЭ-14 циклімен локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехының ауысым шебері
ТЧЭ-14 Карагандинское эксплуатационное локомотивное депо 1 группы | Еңбекпен толық қамтылу | Қарағанды қ.
25.04.2024 |  107
269309 - 331384
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Қарағанды бөлімшесі» филиалының Қарағанды пайдалану локомотив депосының ТЧЭ-14 бақылау бөлімінің 1 санатты инженер-технологы (Ақадыр ТД)
ТЧЭ-14 Карагандинское эксплуатационное локомотивное депо 1 группы | Еңбекпен толық қамтылу | Қарағанды қ.
25.04.2024 |  174
249338 - 306810
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Қарағанды бөлімшесі» филиалының Қарағанды пайдалану локомотив депосының ТЧЭ-14 өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші инженер-технологы
ТЧЭ-14 Карагандинское эксплуатационное локомотивное депо 1 группы | Еңбекпен толық қамтылу | Қарағанды қ.
23.04.2024 |  491
293149 - 330000