«Кедентранссервис» АҚ Корпоративтік даму және қоғаммен байланыс департаментінің 2 деңгейлі бас менеджері

от 463587
АО «Кедентранссервис» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
30

Қаралған саны:
191

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қайта тиеу қызметі бойынша стратегиялық бағдарламалық құжатты әзірлеу
  • қайта тиеу қызметі бойынша стратегиялық бағдарламалық құжатты іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыруды бақылау.
  • қоғам қызметін дамытудың стратегиялық бастамаларын (жаңа бағыттарын) әзірлеу
  • SWOT-талдауды, BCG матрицасын, Қоғам қызметінің бағыттары бойынша салыстырмалы талдауды қоса алғанда, бизнес-модельдеуді жүзеге асырады
  • терминалдық желіні дамыту жөніндегі бағдарламалық құжаттың стратегиялық мақсаттарын әзірлеу (өзектендіру) бойынша, сондай-ақ Қоғам қызметін дамытудың стратегиялық бастамалары (жаңа бағыттары) бойынша стратегиялық сессияларды жүйелі негізде ұйымдастыру.
  • іске асыруға жоспарланған инвестициялық жобалардың қоғам дамуының ұзақ мерзімді кезеңге арналған стратегиялық бағыттарына және даму жөніндегі стратегиялық бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі тұрғысынан бағалауды жүргізу
  • өз құзыреті шегінде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі іс шаралар жоспарларын іске асыруға қатысу

Біліктілік талаптары:

  • Білім: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Саладағы мамандық: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Экономика; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті (теміржол көлігін) пайдалану; Логистика (көлікте); Менеджмент; Маркетинг; Құқықтану
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр