Жетекші геолог-инженер

«Семізбай-U» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
177

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Геологиялық қызметтің жұмысын жоспарланған жұмыстарды сапалы және уақтылы орындауға, жаңа техниканы, геологиялық жұмыстарды жүргізу әдістемелерін, бағдарламалық құралдардың соңғы жетістіктерін пайдалана отырып түсіндіру әдістемелерін игеру және енгізу, ғылым мен практиканың жаңа жетістіктерін пайдалану, өндіріс резервтерін іздеу есебінен геологиялық жұмыстардың тиімділігін арттыруға ұйымдастырады және бағыттайды.Геофизикалық деректерді бастапқы өңдеудің және бастапқы құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы мен уақтылығын бақылайды.

Білім:

ЖоғарыПайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық зерттеу, іздеу және барлау.

Дағдылар:

Кеніштің өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, жер қойнауы және өзге де табиғи ресурстар туралы, Геология негіздері, еңбек, еңбекті қорғау және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу, Радиациялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау туралы, Төтенше жағдайлар туралы әдістемелік материалдар.Геологиялық жұмыстар жүргізілетін кен орындарының геологиялық құрылымының ерекшеліктері, кендері мен жыныстарының физикалық қасиеттері.Геологиялық құжаттаманың есептілігін ресімдеу қағидалары, Геологиялық жабдықтарды, аспаптарды есепке алу және сақтау және есептен шығару қағидалары.Геофизикалық жұмыстардың технологиясы, геофизикалық жабдықтардың, аспаптардың, аппаратуралардың түрлері және оларды техникалық пайдалану қағидалары.

Қосымша:

Техникалық ғылымдар туралы білім, техникалық ойлау, аналитикалық қабілеттер.Ғылыми-зерттеу жұмысында заманауи есептеу техникасы мен мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану мүмкіндігі.Негізгі құқықтық ұғымдарды, құқықтық мәтінді түсіну дағдыларын меңгеру, өзінің кәсіби қызметінде нормативтік құқықтық құжаттарды қолдана білу.

Білетін тілдер:

Қазақ Орыс