«ҚТЖ» ҰК АҚ Ақтөбе филиалы РСУО секторының жетекші инженері – «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы»

от 250729
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Дирекция автоматизации и цифровизации» Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
176

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Үш деңгейлі пайдаланушыларды қолдау қызметіне қатысады: тіркеу, қадағалау, оқиғаларды басқару және пайдаланушылардың сұраныстары, шешім немесе басқа қолдау қызметтеріне жіберу бөлігінде SAP жүйелерін қолдаудың бірінші деңгейімен бірге жүреді
  • SAP Solution manager (бұдан әрі – SSM) пайдаланушыларын қолдау жүйесінде авторизациялауды, SAP жүйелерін пайдаланушылардың келіп түскен өтінімдерінің болуын тексеруді және пысықтауды жүргізеді
  • Бастапқы жауап ұзақтығы (IRT) және максималды өңдеу уақыты (MPT)бөлігінде соңғы пайдаланушының өтінішін тіркегеннен кейін SSM-дегі өтінімдердің күйін анықтайды
  • Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің SAP жүйелерін пайдаланушыларға және жүйені пайдалану бөлігінде (кіру, тіркеу, парольдер және басқалар)техникалық көмек көрсетеді
  • Компаниялардың құрылымдық бөлімшелеріне және ЕҰ-ға SAP жүйесін пайдалану мәселелері бойынша алғашқы есепке алуды енгізу, SAP жүйелерінде есептілік пен есеп айырысуды қалыптастыру бөлігінде консультациялық және практикалық көмек көрсетеді
  • SAP Solution maneger жүйесінде оқиғаларға мониторинг жүргізеді
  • Тікелей басшылардың өзге де міндеттері мен тапсырмаларын орындайды
  • Тікелей басшыға өзінің лауазымдық міндеттерін уақтылы немесе толық көлемде орындауға, оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізуге мүмкіндік бермейтін барлық анықталған кемшіліктер, қателіктер, кедергілер, жұмыстағы қиындықтар туралы хабарлайды.
  • Тіркеудің өзектілігіне SAP жүйелерін пайдаланушыларға мониторинг жүргізеді

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Саладағы мамандық: Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер; Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Математикалық және компьютерлік модельдеу; Информатика; қолданбалы математика және информатика; Радиотехника, электроника және телекоммуникация; Математика; тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (теміржол көлігі), Бухгалтерлік есеп және аудит, Экономика; Менеджмент; Қаржы.
  • Жұмыс тәжірибесі: Ақпараттық технологиялар/ есеп және аудит саласында кемінде 1 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр