Локомотив бригадаларының машинист нұсқаушысы

354446 - 372486
ТЧЭ-36 Сексеулское эксплуатационное локомотивное депо 3 группы Қызылорда облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
103

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • Өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде ұқыпты киіну керек;
  • Локомотив бригадаларының бекітілген колоннасына басшылық жасау, профилактикалық жұмыстар жүргізу және өндірістік және технологиялық тәртіпті қолдау;
  • Локомотив бригадаларын оқыту:
  • Тартқыш жылжымалы құрамды пайдалану және оған қызмет көрсетудің қауіпсіз әдістері кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалар мен қағидаларды сақтау;
  • Қозғалыс кестесін және маневрлік жұмысты өндірудің қауіпсіз әдістерән орындау кезінде поездарды ұтымды жүргізу;
  • Тренажерларды немесе жұмыс істеп тұрған локомотивтерді пайдалана отырып, төтенше және стандартты есем жағдайлардығы іс-қимылдарға.
  • Локомотив бригадасының және өзінің қызметтік міндеттері мен поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі басшылық құжаттардың талаптарын орындауын қадағалау;
  • Бір айдағы жұмыс нәтижелері бойынша өз колоннасының машинистерінің тәуекел тобын анықтау және олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • арнаулы орта (техникалық және кәсіптік)
  • Саладағы мамандық жоғары болған жағдайда: Көлік , көлік техникасы және технологиясы; Тасымалдауды  ұйымдастыру, және көлікті басқару;
  • арнайы орта (техникалық және кәсіптік) болған кезде: Темір жолының тартуға арналған жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету.
  • Еңбек өтілі жоғары болған жағдайда: 2 жылдан кем емес, оның ішінде 2 классты локомотив машинисі лауазымында болу керек
  • арнайы орта (техникалық және кәсіптік) болған кезде: 3 жылдан кем  емес, оның ішінде 2 классты локомотив машинисі лауазымында болу керек
Қосымша талаптар:
  • Казақстан  Республикасы заңнамасының мемлекеттік органдардың, жалғыз қатысушының актілерін және серіктестіктің қызметіне қатысты өзге де құжаттардың нормалары мен талаптарын сақтау;
  • Оның пайдалануындағы  мүлікке ұқыпты қарау және оның сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау.

Қажетті қабілеттер

  • * Дисциплинированность и ответственно

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Орыс тілі (Орташадан жоғары)