Құқықтық қамтамасыз ету секторының мененджері

«Самғау» Ғылыми - Технологиялық Бастамалар Орталығы» Қоры Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
22

Қаралған саны:
252

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Орталықтың ішкі құжаттарының, келісім-шарттардың, келісімдердің, меморандумдардың және сол сияқтылардың қолданыстағы АХҚО Заңына, Қазақстан Республикасының заңнамасына және Орталықтың Құқықтық қамтамасыз ету секторы бастамашылық жасаған немесе алған ішкі құжаттарына сәйкестігіне әзірлеуді және (немесе) құқықтық сараптамасын жүзеге асырады;
  • нормашығармашылық қызметке қатысады, Құқықтық қамтамасыз ету секторы бастамашы болған немесе келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізеді. Осы жұмыстарды жүргізу кезінде осы нормативтік құқықтық актілерде Орталықтың мүдделерін құрметтеудің құқықтық кепілдіктерінің болуын қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының және (немесе) ұйымдарының құқықтық қорытындыларын, хаттарын, жадынамаларын, мәліметтерін, сұрау салуларына жауаптарды және өзге де құжаттарды дайындайды, келіседі;
  • міндеттерді бөлу шеңберінде Орталықтың басшылық қызметкерлеріне (басқарма мүшелеріне) сенімхаттардың жобаларын дайындайды;
  • Орталықтың қызметіне қатысты мәселелер бойынша АХҚО-ның Қолданыстағы Заңына, Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістерге мониторингті және талдауды жүзеге асырады және құрылымдық бөлімшелерге қажетті шараларды қабылдау бойынша ұсыныстар енгізеді (ішкі нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және т.б.);
  • Орталықты Қазақстан Республикасы заңнамасының ақпараттық базасымен, нотариат және аударма қызметімен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
  • құқықтық қамтамасыз ету секторының бюджеттік жоспарын, демалыс кестелерін, оқу жоспарларын, Құқықтық қамтамасыз ету секторын техникалық жарақтандыру туралы ақпаратты дайындайды;
  • АХҚО соттарында, Қазақстан Республикасының жалпы юрисдикциядағы соттарында, төрелік және басқа да әртүрлі инстанциялардағы соттарда Орталықтың мүліктік және өзге де мүдделерін заңды құралдармен қорғау;
  • Орталықтың коммерциялық құпияны және (немесе) құпия ақпаратын сақтаудың тиісті режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;
  • осы мәселені реттеу жөнінде ұсыныстар енгізе отырып, өзінің функционалдық міндеттері бойынша мүдделер қақтығысының жағдайлары туралы хабарлайды;
  • өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының және басқа да ұйымдарының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды, Орталықтың контрагенттерімен келіссөздерге қатысады.

Талаптар:

  • Жоғары заңгерлік білім. Магистр дәрежесіне артықшылық беріледі
  • Мамандығы бойынша (құқықтану саласында) жұмыс өтілі 3 (үш) жылдан кем емес
  • Қызмет саласындағы сертификаттар
  • Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлей алады

Шарттары:

- бес күндік жұмыс кестесі (аптасына 40 сағат);
- АХҚО саясатына сәйкес еңбек қатынастары;
- әлеуметтік пакет;
- Қызықты жобаларға қатысу.

Қажетті қабілеттер

  • Аналитические способности, генерация идей, стратегическое мышление;
  • . Исполнительность, внимательность, аналитическое мышление, высокая обучаемость, коммуникабельность.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)