Сатып алу бөлімінің талдау және сатып алуды жоспарлау бөлімінің бас маманы

от 463000 KZT
АО «Алатау Жарық Компаниясы» Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
19

Қаралған саны:
284

   Конкурс туралы
Міндеттері:

1) өзінің лауазымдық өкілеттіктері шегінде Сатып алудың ақпараттық жүйесінде барлық қажетті жұмыстарды жүзеге асырады;

2) «АЖК» АҚ-ның тиісті қаржы жылына арналған жылдық сатып алу жоспарын қалыптастырады;

3) «АЖК» АҚ-ның тиісті жылдарға арналған ұзақ мерзімді сатып алу жоспарын қалыптастырады;

4) құрылымдық бөлімшелерден берілген өтінімдер бойынша сатып алу жоспарын(дарын) түзету кезінде шешімдерді қалыптастырады;

5) Қазақстан Республикасының қызметi бойынша үшiншi тұлғалармен хат алысады;

6) қажеттілік немесе сатып алу рәсімін ұйымдастыру үшін қажетті құжаттардың толық емес тізбесін ұсыну бастамашысы құрылымдық бөлімше ұсынған деректердің арасында сәйкессіздік анықталған жағдайда, басшылыққа анықталған кемшіліктер туралы есеп береді;

7) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингін жүзеге асырады;

8) БМЖ талаптарына сәйкес құжаттаманы құрастырады және әзірлейді;

9) сатып алу мәселелері бойынша есептілік туралы нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, сатып алу мәселелері бойынша есептерді жасайды;

10) сатып алу рәсімдерін жүргізу тәртібімен және регламентімен реттелетін мерзімдерді сақтайды;

11) сатып алу рәсімдеріне қатысты барлық ұсынылған құжаттардың сақталуына дербес жауапкершілікте болады;

12) Басқарманың нормативтік құқықтық актілері мен лауазымдық нұсқаулықтарын жүргізеді және іске асырады, оларға өзгерістер енгізеді;

13) іс жүргізуді жүргізеді, өткізілген сатып алу рәсімдері бойынша құжаттар мен материалдарды ресімдейді, Басқарманың ұйымдық-өкімдік құжаттамасының бекітілген номенклатураға және іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етеді.

14) «АЖК» АҚ аумағында қолданыстағы «Алтын қауіпсіздік ережелерінің» талаптарын сақтайды;

15) «АЖК» АҚ Еңбекті қорғау және қауіпсіздік басқармасына барлық байқалған ықтимал қауіпті оқиғалар мен қауіпті жағдайлар туралы баяндайды.

Талаптар:
Жоғары кәсіптік білімі бар (экономикалық немесе заңгерлік)
Мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс тәжірибесі және сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажетті қосымша теориялық және практикалық дайындық
Шарттары:

Бес күндік жұмыс аптасы, 8 сағаттық жұмыс күні сағат 08.00-ден бастап. 17.00-ге дейін; Түскі үзіліс – 1 сағат, 12.00-ден. сағат 13.00-ге дейін.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)