Ұшу қауіпсіздігі бойынша баяндамаларды дайындау жөніндегі супервайзері

"Эйр Астана" АҚ Алматы қ.
Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
85

   Конкурс туралы

MIНДЕТТЕР:

  • Ұшу қауіпсіздігі туралы барлық деректердің жиналуын қадағалау және «Эйр Астана» АҚ қауіпсіздікті басқару процесіне статистикалық қауіпсіздік талдауын дайындау.
  • Оқиғаларды себептер және/немесе сипаттамалар бойынша топтастыру үшін бұрыннан орын алған және әуе компания мамандары бағалаған авиациялық оқиғалардан алынған деректерді талдау.
  • Бұрынғы авиациялық оқиғалардың «Эйр Астана» АҚ қызметіне әсерін тұрақты негізде бақылау және талдау.
  • «Эйр Астана» АҚ ұшу қауіпсіздігі және стандарттарына сәйкестігі бойынша авиациялық билік органдары үшін талдаулар дайындау (ай сайынғы, тоқсандық, жартыжылдық және жылдық).
  • Ай сайынғы және тоқсан сайынғы негізде қауіпсіздік көрсеткіштерін бақылау, оның ішінде операциялық бөлімдермен кездесулер ұйымдастыру.
  • «Эйр Астана» АҚ қызметкерлері мен басшылығына (қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комитет отырысына және ай сайынғы отырыстарға) оларды азайту бойынша қабылданған шаралардың тәуекелдерін көрсету үшін ұшу қауіпсіздігі туралы есептер мен презентациялар дайындау.

ТАЛАПТАР:

  • Жоғары білім, статистикалық талдау немесе механика және математика саласындағы білім - артырқшылықта.
  • Мамандық бойынша алдыңғы жұмыс тәжірибесі +/- 3 жыл.
  • Статистика және статистикалық талдау әдістері жайлы білім.
  • Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесіне қойылатын халықаралық және ұлттық талаптар мен стандарттар жайлы білу.
  • Тілдерді білу: ағылшын – ортадан жоғары, қазақ тілі: әңгімелесу, орыс тілі: еркін.
  • Тікелей бақылаусыз өз бетінше жұмыс істеу қабілеті
  • Жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және табыстау дағдылары.
  • Ұйымдастырушылық және жұмыс уақытын жоспарлау дағдылары.
  • Өз ойын ауызша да, жазбаша да анық жеткізе білу.
  • Компьютерлік сауаттылық.
  • Аналитикалық дағдылар.
  • Презентацияларды дайындау және жазу дағдылары, Power Point сенімді пайдаланушысы,.
  • Excel, Power BI (немесе басқа ұқсас деректерді талдау бағдарламалық құралы) қолдану дағдылары.
  • Кездесулерді дайындау және өткізу дағдылары (сөйлеу дағдылары).