ИНЖЕНЕР (ШИКІЗАТТЫ ЖӘНЕ ӨНІМДЕУДІҢ ТИЕЛУІН ЕСЕПКЕ АЛУ БӨЛІМІНІҢ ТАУАР ТОБЫ )

ПетроҚазақстан Ойл Продактс Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
1808

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • «ПКОП» ЖШС құю эстакадаларындағы теміржол көлігімен тиеп жөнелтілетін мұнай өнімдерінің, мұнайдың және шикізаттың дәл және дұрыс есепке алынуына жауап береді.
  • Т/ж цистерналарында мұнай өнімін дұрыс тиеп-жөнелтуді және тапсыруды, оның ішінде тиеп-жөнелтілетін өнімнің салмағын дұрыс өлшеуді және анықтауды, мұнай өнімдерін тиеп-жөнелтуге берілетін тапсырыстарға сәйкес тиеп-жөнелту және қабылдау-тапсыру құжаттамаларын дұрыс ресімдеуді қамтамасыз етеді.
  • Күн сайын шикізатты және өнімдердің тиелуін есепке алу бөлімінің ресімдеу тобына тиеп-жөнелтілетін мұнай өнімдеріне актілерді, ведомостарды, т.ж. жүкқұжаттарын және т.ж. түбіртектерін, төлем туралы шоттарды қоса бере отырып есеп береді;
  • Мұнайды өңдеуге берушілермен жұмыс бойынша есептерді ресімдеу: мұнай және мұнай өнімдерін тиеп-жөнелту ведомостары, құю және жүк жөнелту қызметтері, сондай-ақ мұнайды өңдеуге берушілердің ресурстарынан мұнай өнімдерін тиеп-жөнелту кезінде туындайтын басқа да қызметтер үшін.
  • Күн сайын мұнай өнімдерін жөнелту және мұнай шикізатын т/ж көлігімен қабылдау бойынша есеп беру құжаттамасын дайындайды.
  • Тиелетін мұнай өнімдері бойынша бекіту-пломбалау құрылғыларының (БПҚ) және ТЖ қауіптілік белгілерінің санына қатаң есеп жүргізеді.
  • Ілеспе құжаттаманы (анықтамаларды, есептерді және т.б.) жүргізеді, электрондық түрде береді, қажет болған жағдайда Microsoft Excel, Word, SAP R/3 бағдарламаларын пайдалана отырып баспа түрінде береді.

Талаптар:

  • жоғары кәсіби (техникалық) білімі
  • мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл

Шарттар:

  • әлеуметтік пакет
  • жеткізу