«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Семей филиалының Семей станциясында 1 санатты маман-атқыштар командасының жауынгерлік, кәсіптік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі инженері

от 318014
Семейский филиал ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
120

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Филиалдың құрылымдық бөлімшелеріндегі қару бөлмесінің талаптарын қатаң бақылауда ұстау, өрт-күзет дабылының Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 01.07.2019 жылғы № 602 бұйрығына сай және азаматтық және қызметтік қару мен олардың оқратының қалыпты жағдайда сақталуын қадағалау;
  • филиалдың құрылымдық бөлімшелеріндегі қаруланудың нақтылығын жылына екі реттен кем емес мерзімде тексеру;
  • мергендікке оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру, сонымен қатар бөлімшелерде қызметтік қарудардың оқ ұңғылары мен атылуы кезеңінде қауіпсіздік шараларының сақталуын қадағалау;
  • арнайы құралдар мен қызметтік қаруларды қолдану кезінде орын алған фактілерге тергеу-тексеру жұмыстарын қатынасу;
  • команда және топ бастықтарымен бірлесе отырып қару мен олардың оқ-дәрілерін және арнайы құралдарды уақытында есептен шығару;
  • филиалдың ӘБП қызметкерлерімен бірге әскери, кәсіби және физикалық даярлық сабақтарының кестесін даярлау, олардың көрнекі құралдармен қамсыздандырылуын ұйымдастыру және сабақ бағдарламасының өзекті де күрделі өткізілуін қадағалау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Кәсіби жоғары. Көліктегі қауіпсіздік бойынша курстарды тамамдағаны туралы сертификаттың болуы (қалуынша)
  • Саладағы мамандық: Құқықтану; Әскери істер және қауіпсіздік; Құқық қорғау іс-әрекеттері; Көлік, көліктік техника және технологии; Тасымалды ұйымдастыру, қозғалыс и көлікті пайдалану (темір жол көлігі);  халықаралық құқық; әскери басқару; Тасымалды ұйымдастыру, қозғалыс и көлікті пайдалану (сала бойынша);
  • Еңбек тәжірибесі: өтілдік талаптарынсыз

Қосымша талаптар:

  • Арнайы оқу орталықтарында алғашқы даярлық курсын аяқтағандығы жөніндегі анықтамасы болуы шарт

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр