СОБ БӨП электромеханигі

344087 - 364535
Атырауская дистанция сигнализации и связи Атырау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
69

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

  1. СОБ  бақылау-сынау  пунктінің   электрмеханигінің   негізгі  еңбек  міндеттері  мыналардан  тұрады:

      1)  еңбек  және  орындаушылық  тәртіпті  сақтау, жұмысты  орындау  үшін  бекітілген  ішкі  еңбек  тәртіптемесі  және  жұмыс  кестесі,  еңбек  қорғау,  техника  қауіпсіздігі  және  өрт  қауіпсіздігі  бойынша  нұсқаулықты  және  ережені  сақтау,  санитарлық  ереже  және  нормативтік  құжаттар  бойынша  міндеттерін  сақтау.

      2)  қоршаған  ортаны  қорғау  талабының  сақталуын  қадағалау.

      3)  адамдардың  денсаулығына  және  өміріне  немесе  қозғалыс  қауіпсіздігіне  террорға  қарсы  қауіп  төнген  кезде   шара  қолдану  және  қатысу.

      4)  метрология  бойынша  талаптардың  және  ережелердің  сақталуын  қадағалау  және  қатысу.

      5)  18  жасқа  дейінгі  тұлға  кәсіби  жұмысқа  жіберілмейді.

      6)  рационализаторлық  ұсыныс  беруге  және  оны  енгізуге  қатысу.

      7)  техникалық  күтімге  алудың  жоспар-кестесіне  және  басқа  да  жоспарға  сәйкес  сапалы  жұмыс  жүргізу.

      8)  өндірістік  жұмысы  мен  технологиясының  ережесін  орындауда  міндетті  түрде  теорияны  және  тәжірбиені  білуі,  жөндеу  мен  монтаждауды  жасай  білуі  және  типті  норма  уақытына  сәйкес,  өлшемді  нормаға  келтіріп  білуі.

      9)  цехта  жөнделетін  аппаратуралар  бойынша  әрдайым  білімді  жетілдіру.

     10) тапсырылған  жабдықтарды,  мүлікті  және  құралдарды, техникалық және нормативті   құжаттарды   ұқыпты   пайдаланып  және  жақсы  күйінде  сақталуын  қамтамасыз  ету,  жұмыс  орынын  тазалықта  ұстау.

     11) СОБ  аға  эл.механиктің  және  эл. механиктің  нұсқауы  бойынша  СОБ  құрылғы  аппаратураларын  әзірлеуде  жөндеу  және  күтімге  алуға  байланысты  басқа  да  жұмыстарды  орындау.

     12) аспаптардың,  қорғаныс  құралдардың  ауыстыру  мерзімділігін  білу  және  уақытымен  тексеріс  жүргізу.

     13) шаруашылық  жұмыстарды,  жүкті  тиеу  және  түсіру,  аймақты  тазалау, сенбілікке  қатысу  және  қоғамдық  жұмыстарды  атқару  (наурыз  мейрамы).

     14) ішкі   тәртіптемесінің  ережесін  орындау.

     15) тапсырған  тапсырманы  еңбек  қорғау  және  өрт  қауіпсіздігі  нұсқаулығының  талабын  қолданып,  орындау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж