«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Алматы пайдалану локомотив депосының Алтынкөл станциясы тепловоз машинисінің көмекшісі - «ГП Алматы бөлімшесі»

236931 - 236931
ТЧЭ-28 АЛМАТИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группа Алматы облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
51

Қаралған саны:
294

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • машинистің ТЖҚ тораптары мен агрегаттарын күту, оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі тапсырмаларын уақтылы және дәл орындауға, сондай-ақ қызмет көрсетілетін және қарсы поездардың жай-күйін, ОЭР шығынын бақылауға міндетті. Келіссөздердің белгіленген регламентін орындауға. Қажет болған жағдайда поездың (ТЖҚ) өздігінен жүруін болдырмау үшін бекітуді жүргізуге;
  • бағдаршамның тыйым салатын сигналына жол жүрген кезде машинистің жұмыс орнында тұрып (көрінуі қиын капот үлгісіндегі шанағы бар локомотивтерді қоспағанда), сигналдың көрсетілуін, машинист контроллерінің немесе тартымты басқару органдарының жағдайын, тежегіш магистраліндегі қысым шамасын, бағдаршамның тыйым салатын сигналына белгіленген жүру жылдамдығын бақылауға және машинистке кезең-кезеңімен баяндауға. Машинист тарапынан жылдамдықты төмендетуге және тыйым салатын сигналдың алдында тоқтауға әрекет болмаған кезде поезды тоқтатуға барлық шараларды қолдануға, бұл ретте бағдаршамның тыйым салатын сигналының өтуіне жол бермеуге;
  • машинист аяқ астынан локомотивті жүргізе алмай қалса, поезды шұғыл тежеумен тоқтату, оны белгіленген тәртіппен өздігінен жүруден бекітуге, радиобайланыс арқылы бұл туралы өткелді шектеуші ДНЦ және ДСП, өткелдегі поездардың машинистеріне хабар беруге және машинистке алғашқы көмек көрсетуге.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: орта (техникалық және кәсіптік), белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық
  • Мамандық саласында: Пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету, темір жол жылжымалы құрамын (түрлері бойынша), Көлік, көлік техникасы мен техноогиясы
  • Жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтіліне талап қойылмайды

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж