Сату және клиенттерге қызмет көрсету бөлімінің бастығы "KTZ Express" АҚ филиалы - "KTZE Южный" ақ "KTZ Express"

436348 - 748026
филиал АО «KTZ Express» - «KTZE Южный» Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
108

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Клиенттермен бағаны келісу шарттарын (қосымша келісімдерді) және хаттамаларын жасасу және оларды ШЖК жүйесіне енгізу;
  • Экспорт, импорт және транзит, оның ішінде ҚХР-Азия-ҚХР, ҚХР - ТМД - ҚХР бағыттары бойынша контейнерлік тасымалдарды қатынастар бойынша тасымалдауды ұйымдастыру үшін әлеуетті клиенттерді іздеуді және тартуды қамтамасыз етеді;
  • Клиенттермен коммерциялық келіссөздер жүргізуді жүзеге асырады, коммерциялық ұсыныстарды қалыптастыруды және тексеруді қамтамасыз етеді;
  • Филиалдың кірістілігін арттыру, проблемалық дебиторлық берешектің пайда болуына жол бермеу мақсатында көлік-экспедиторлық қызметтердің сапалы сервисін қамтамасыз етеді;
  • Көлік-экспедиторлық қызмет көрсетуге қатысты клиенттерге кеңес беру;
  • Клиентпен тасымалдауды сүйемелдеу бойынша негізгі жедел мәселелерді пысықтау, жұмыс істеп тұрған клиенттердің жүктерін тасымалдауды бақылау және күнделікті мониторингілеу.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Логистика (терминалдық қойма қызметі); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Коммерциялық қызмет (теміржол көлігінде); Көлік, көлік техникасы және технологиялары, Экономика; құқықтану; Менеджмент, Аймақтану, Халықаралық қатынастар
  • Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша кемінде 4 жыл
Қосымша талаптар:
  • Бағдарламалық өнімдермен жұмыс істеу дағдылары: Rail-Тариф, Rail-Атлас, CRM, АЖО экспедиторы.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман