"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Ақмола магистральдық желінің бөлімшесі" филиалының вокзал шаруашылығының Көкшетау учаскесінің (Көкшетау, 1 - класс вокзал) бас инженері
- Құрылған күні:
- 24.04.2024
- Берілген өтінім:
- 9
- Қаралған саны:
- 565
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Филиалдың сеніп тапсырылған учаскесінің вокзалдарында барлық қызметкерлерді, бөлімшелерді ұйымдастыру, бақылау, үйлестіру және оларға басшылық жасау, барлық құрылғылар мен жабдықтардың тиісті жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сапалы сервистік қызметтер көрсету;
- Вокзал бөлімшелерінің қызметіне талдау және бағалау жүргізу, жолаушылар мен келушілерге мониторинг жүргізу және сауалнама жүргізу, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау және филиалдың сеніп тапсырылған учаскесінің вокзалдарында сервистік қызметтерді жақсарту жөнінде ұсыныстар беру;
- Филиалдың сеніп тапсырылған учаскесінің вокзалдарындағы барлық тасымалдаушыларда анықтамалық-ақпараттық материалға уақтылы өзгерістер енгізу және жаңарту жөнінде шаралар қабылдау;
- Филиалдың сеніп тапсырылған учаскесінің вокзалдарында жолаушыларға көрсетілетін қызметтер саласын кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізу;
- Вокзалдар жұмысының технологиялық процесін, вокзалдар қызметкерлеріне лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу және жасау және вокзалдар қызметкерлерінің филиалдың сеніп тапсырылған учаскесін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
- Сеніп тапсырылған учаскенің вокзалдарының қызметкерлері телефон байланысы арқылы, "WhatsApp" мобильдік қосымшасының/мессенджерінің нысаналы чаттарында, электрондық пошта арқылы және т.б. ұсынатын жедел ақпараттың мониторингін енгізу.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), ағылшын тілін Elementary деңгейінен төмен емес деңгейде білу
- Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану, Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; ғимараттар мен құрылыстар салу; Электр энергетикасы, Экономика, Инженерлік жүйелер, Маркетинг; Көлік, көлік техникасы мен технологиялары, механикаландыру және автоматтандыру
- Жұмыс тәжірибесі: теміржол көлігі ұйымдарындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)