Маман

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
24

Қаралған саны:
365

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Кадрлық басқару: УПП 1С жүйесінде қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды (еңбек шартын тоқтату/бұзу) уақтылы ресімдеуді ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу үшін еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай электрондық жүйесіне деректерді енгізу. Компанияның жеке құрамы бойынша белгіленген құжаттаманы жүргізу, есепке алу және оның сақталуын бақылау (вахталар кестесі, демалыс кестелері, демалыс күндері үстеме жұмыс пен жұмысқа тарту, лауазымдарды қоса атқарғаны және қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені үшін қосымша ақы ресімдеу, жыл сайынғы еңбек демалыстарын беру, әлеуметтік демалыстар беру, жыл сайынғы еңбек демалысынан кері қайтарып алуды ресімдеу, жалақыдан ұстап қалу, ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес ынталандыру төлемдері мен материалдық көмек, тәртіптік жазаларды ресімдеу, лауазымдық нұсқаулықтарды бекіту және басқалар). Жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу. Қызметкерлерді жұмыс берушінің актілерімен уақтылы таныстыру. Қызметкерлердің жеке істерін қалыптастыру және жүргізу. Компаниядағы қызметкерлердің қазіргі және өткен еңбек қызметі туралы анықтамалар беру. Еңбек кітапшаларын толтыру, есепке алу, сақтау және беру. Біліктілік, аттестаттау, конкурстық комиссиялар үшін қажетті материалдарды дайындау және қызметкерлерді көтермелеу мен марапаттауға ұсыну. Бөлімнің бекітілген есептілік кестесіне сәйкес белгіленген есептілікті жасау және уақтылы ұсыну. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін жүргізу.

Білім:

Жоғары білім (заң, экономикалық, психология, халықаралық құқық немесе басқа гуманитарлық білім)

Дағдылар:

Вахталық жұмыс әдісін Кадрлық әкімшілендіру, 1С УПП-ны білу, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздерін білу

Қосымша:

Презентация дайындау қабілеті

Білетін тілдер:

Қазақ және орыс тілдерін білу