"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Қостанай магистральдық желісі"филиалының Арқалық ст. есепке алу секторының жетекші инженері

от 360720
Костанайское отделение магистральной сети Қостанай облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
91

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • маршрут парағы, демалыс күніндегі жұмыс сағаты мен түнгі сағат, мереке, мерзімінен тыс жұмыс уақытының есеп табелін тексеру, талдау;
  • жұмыс күшін тиімді қою мен жұмыс уақытын пайдалануды жақсарту бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды әзірлеу, штат санын оңтайландыру, оны ұстау шығынын төмендету, олардың орындалуын бақылау;
  • еңбек ақы қорының шығынын бақылауды жүзеге асыру, анықталған жетістіксіздерді жоюға шара қолдану мен талдау
  • еңбек ақы, нормалау және ұйымдастыру мәселесі бойынша бұйрық жобасын дайындау
  • жұмыс уақытының кестесін, жұмыстың тиімді режимін әзірлеуге қатысу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  • кәсіптің, лауазымның, дәреженің атауының дұрыс болуын, тарифтік мөлшерлеме, лауазымдық жалақы және басқа төлемдерді қолдануды, ішкідәрежелі интервалды (лаг) беруді бақылау;
  • хронометражды және басқа бақылауды қолдану арқылы барлық санаттағы қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалануды үйрету, жұмыс уақытын жоғалтуды талдау, еңбек өнімділігінің өсу қорын анықтау.

Біліктілік талаптары:

Білімі:

жоғарғы.

Мамандығы:

«Экономика»; «Қаржы»; «Есеп және аудит»; «Көлік, көлік техникасы мен технология» (Көтеру-көліктік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтар. Вагондар);

«Автоматизация және басқару»; «Электр энергетикасы»,  «Құрылыс» (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); «Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану» (теміржол көлігі).

 

 

Қызметтің бағыты/мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі (қанша жыл және қай салада):

  • Қызметтің профилі бойынша: кемінде 2 жыл.

Қосымша талаптар:

  • іскерлік этика Кодексінде қаралған міндеттерді сақтау;
  • еңбек және атқару тәртібін сақтау;
  • осы лауазымдық нұсқаулықта қаралған еңбек міндеттерін сапалы және өз уақытында орындау;
  • құрылымдық бөлімшенің жұмыс жоспарын орындау;
  • басшылықтың тапсырмасын орындау;
  • шешім қабылдау мен қызметтік құжаттарды қарағанда бюрократияның болуын жібермеу, сондай-ақ Қоғамның жергілікті актісімен белгіленген мерзімінде оларға қажетті шараларды қабылдау;
  • жалпылама қабылданған моральды-этикалық нормамен белгіленген іскерлік этика мен корпоративтік мәдени нормасын сақтау

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж