«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» жолаушылар тасымалы облыстық филиалы бухгалтериясының жетекші есепшісі

от 284872
Региональный филиал по пассажирским перевозкам "Северный" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
106

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • Шарттардың талаптарына сәйкес көрсетілген жұмыстар мен қызметтер үшін бөгде ұйымдармен есеп айырысуларды уақытылы есепке алуды жүргізу, осы жұмыс учаскесі бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдауды және бақылауды жүзеге асыру;
  • Бөгде ұйымдар көрсеткен қызмет түрлері бойынша есеп жүргізу;
  • Ай сайын  салыстырып тексеру жүргізу және бөгде ұйымдармен салыстырып тексеру актілеріне қол қою;
  • Тоқсан сайын «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта» АҚ филиалдарымен салыстырып тексеру жүргізу және АС-1 салыстыру актілеріне қол қою;
  • Орындалған жұмыстар актілері мен ЭШФ (электрондық шот-фактура) негізінде бөгде ұйымдардың көрсеткен қызметтері үшін нақты шығыстарды бухгалтерлік есеп бағдарламасына уақытылы енгізу;
  • Бір айдан астам өтеу мерзімі бойынша дебиторлық және кредиторлық берешекке ай сайынғы талдау жүргізу;
  • Ай сайын ФО-17 есебін қалыптастыру;
  • Бөгде ұйымдар бойынша жасалған шарттарды бухгалтерлік есеп бағдарламасына уақытылы енгізу;
  • Барлық жүзеге асырылған шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс көрсетілуін бақылау, Филиалдың қаржылық жағдайы туралы жедел ақпарат ұсыну, белгіленген мерзімде бухгалтерлік есептілік жасау.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Саладағы мамандығы: Есеп және аудит; Қаржы
  • Еңбек өтілі: белгілі бір лауазымда кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы