Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау секторының инженері "Ақтау теңіз сауда порты "ҰК"АҚ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметі

от 419432
АО «НК «Актауский морской торговый порт» Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
27

Қаралған саны:
222

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

- қоғам бөлімшелеріндегі еңбек қауіпсіздігі жағдайларының жай-күйін қадағалау және байқаулардың нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылдайды; - өндірістік, қызметтік және тұрмыстық үй-жайларды еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласында белгіленген нормалардың сақталуына тексеру жүргізу;
- еңбек жағдайлары мен өндірістік жабдықтар бойынша өндірістік объектілерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігіне аттестаттау және сертификаттау жүргізуді ұйымдастыруға қатысу, жоспарланатын іс-шаралардың уақтылы жүргізілуін бақылайды; ішкі бақылауды жүзеге асыру: бөлімшелердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі бөлігінде мемлекеттік еңбек инспекциясы мен өзге де мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының нұсқамаларын орындауына;
- қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды, нормаларды, стандарттарды орындауы; оларды уәкілетті органға беру үшін өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі жөніндегі есептерді дайындау;
- өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аварияларды жою, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сараптама жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді жүзеге асыру

Біліктілік талаптары:

Білім

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)

Саладағы мамандық

Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі, техногендік қауіпсіздік, өндірістегі гигиена және еңбекті қорғау

Жұмыс тәжірибесі

Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі бір жылдан кем емес

Қосымша талаптар:

Құзыреттері:

- Еңбекті қорғауды басқару жүйесін регламенттейтін ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық стандарттарды білу; өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдарын білу; бөлімшенің атқаратын жұмысы мен қызметіне қатысты сыртқы және ішкі нормативтік құжаттарды білу; өндірістегі жазатайым оқиғаларды және өрт жағдайларын тергеу тәртібін білу


Дағдылар:

- қызметкерлерге санитарлық-тұрмыстық қызмет көрсетуді бағалау; еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырудың құрылымдық бөлімшелерінің әзірлеуін үйлестіру, олардың орындалуын бақылау; еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу; қауіпті өндірістік объектілерде авариялар мен инциденттердің туындау себептерін талдау және оларды есепке алу жөніндегі құжаттаманы ресімдеуді жүзеге асыру; қауіпсіз еңбек жағдайларын нақты техникалық құрылғыларды пайдалану; өртке қарсы қорғанысты күшейтуге және өрттердің алдын алуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу; өз құзыреті шегінде өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша техникалық және ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды бақылау; еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі бойынша кіріспе нұсқамалар жүргізу

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж