"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Ақтөбе магистральдық желінің бөлімшесі" филиалының Ақтөбе жол дистанциясы өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші инженері (жолдары)

362187 - 278447
Актобинская дистанция пути Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
87

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің жағдайына талдау жасайды;
  • Машинистердің ескертулерін есепке алады және төтенше тежеу материалдарын дайындау және жауап беру, өнімсіз шығындарды талдайды;
  • Кешіктірілген жүк және жолаушылар пойыздарының есебін жүргізеді, кідіру себептерін анықтайды және тиісті материалдарды дайындайды;
  • Жасанды құрылыстар мен жол құрылғыларын көктемгі және күзгі комиссиялық тексерісіне қатысады;
  • Жол өлшеу вагоны жолды тексергеннен кейін: Телімдердің орташа баллын санау, Қанағаттанарлықсыз километрлер кестесін толтыру, 3,4 степендерді журналға жазу және олардың орындалуын қадағалау, ПС, МДК ға құжаттар дайындау, Жол өлшеу вагондарының өту нәтижелері бойынша тыңдалымға жол шеберлеріне құжаттар дайындау.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Саладағы мамандығы: Құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көпірлер мен көлік тоннельдері); Көлік құрылысы; 
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)