"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының МЖС қолжетімділігін ұйымдастыру департаментінің МЖС қызметтеріне қолжетімділік жөніндегі функционалдық бағыттың менеджері (15 грейд)

от 382762
"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ "Магистральдық желі дирекциясы" филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
98

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • қажетті ақпаратты жинақтау және МЖС учаскелерінің техникалық ерекшелігінен үзінді көшірмені бекіту жұмыстарын жүргізеді;
  • MЖС учаскелерінің техникалық сипаттама беру туралы тасымалдаушылардың сұраныстарын қарайды;
  • Комиссияның қарауына MТЖ қызметтеріне қол жеткізу құқығын беруге тасымалдаушылардан келіп түскен өтінімдерді беру, олардың МТЖ пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкестігі туралы одан әрі шешім қабылдау үшін жұмыс жүргізеді;
  • MТЖ учаскелері үшін қалыптастырылатын техникалық ерекшелікті кейіннен бере отырып, құпиялылық туралы келісімді жасау және оған қол қою бойынша жұмыстарды жүргізеді;
  • заңнамада белгіленген тәртіппен MТЖ қызметтеріне қол жеткізу үшін тасымалдаушылардың өтініштерін/қосымша сұраныстарын қарау бойынша жұмыстарды жүргізеді;
  • МТЖ қызметтерін көрсетуге арналған шарттарды/қосымша келісімдерді жасау және қол қою бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары
  • Мамандығы: Көлікті тасымалдауды, қозғалысын және пайдалануын ұйымдастыру (теміржол көлігі); Бухгалтерлік есеп және аудит, Қаржы, Экономика, Құқық, Менеджмент.
  • Еңбек өтілі: жұмыс бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)