Газ желілерін пайдалану және жөндеу қызметінің 4 дәрежелі жерасты газ құбырларын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарі

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Жетісу өндірістік филиалы Талдықорған қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
693

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • елді мекендердің газ тарату желілерінде газ қысымын (газбен жабдықтау режимін) бақылауды жүргізу;
  • газ құбырларына техникалық қызмет көрсету және айналып өту;
  •  газ құбырларын ағымдағы жөндеу (Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары)
  • ГРП, ПГБ, ГРПШ және жеке ШРП техникалық байқау (аралау), қызмет көрсету және жөндеу;
  •  құдықтар мен жер үсті газ құбырларындағы газ арматурасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
  •  газ құбырларындағы тығындарды орнату және алу;
  • газ құбырларының беріктігі мен герметикалығын тексеру жұмыстарын жүргізу;
  • газ құбырларындағы газдың ағып кетуін анықтау және жою;
  • газ тарату желілері мен олардағы құрылыстарға бастапқы және қайта іске қосу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
  •  газды есепке алу тораптарына, үйішілік газ құбырларына және тұрғын үйлердің газ аспаптарына газды жіберу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
  • газ құбырларындағы бітелулерді жою, конденсат жинағыштардан конденсатты айдау, газ құбырларының қуысынан конденсат және гидрат тығындарын жою.

Талаптар: 

  • Жұмыс тәжірибесі: қажет емес
  • Білімі: арнайы орта
  • жұмысқа жіберуге арнайы куәлігі бар адамдар

Шарттар:

  • 5 күндік жұмыс аптасы