«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бухгалтерлік есеп басқармасының қаржылық есептілікті жасау бойынша функционалдық бағытының менеджері (15 грейд)

от 382762
АҚ «Пассажирские перевозки» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
130

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • Қоғамның филиалдары мен еншілес ұйымдарының «негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің қозғалысы, олардың амортизациясы және құнсыздануы туралы есеп» деген ФО-11 нысаны бойынша жедел есепті жинайды және талдайды.
  • Бас компанияның аудит және қаржылық есеп пакеті форматында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатындағы форматтағы ҚЕХС сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығына сәйкес негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің қозғалысы, олардың амортизациясы мен құнсыздануына қатысты Қоғамның жеке және шоғырландырылған қаржылық есебін дайындайды.
  •    Мынадай нысандар бойынша тоқсандық және жылдық шоғырландырылған және жеке есептерді (бұдан әрі – есеп пакеті) жасайды:
  •  негізгі құралдардың қозғалысы туралы есеп (ФО-11);
  • - ФО-11 толық жазбасы (бөгде ұйымдардан келіп түскен түсімдер, жаңа объектілер енгізілді, тауар-материалдық қорлардан аудару, түгендеу кезінде анықталған активтер кіріске алынды, еншілес ұйымдар компаниясына беру, тарату, негізгі құралдарды тауарлық-материалдық қорларға аудару, бөгде кәсіпорындарға сатылды, жетіспейтіндер ретінде анықталған активтер есептен шығарылды (түгендеу, жымқыру), еншілес ұйымдарға өткізілді, өзге де айналымдар).
  • - толық амортизацияланған негізгі құралдар мен материалдық емес активтер бойынша бас компанияға ақпарат жинау және ұсыну;
  • - баланста есептелетін, бірақ есептен шығаруға жататын жұмыс істемейтін негізгі құралдар бойынша бас компанияға ақпарат жинау және ұсыну;
  • - кепілдегі вагондар бойынша амортизацияны есепке алу;
  • - көрсетілген қызметтер бойынша «активтерге жатқызылды» деген №2 әзірлеу кестесінін толық жазбасы;
  • - НМА бойынша бас компанияға ақпарат жинау және ұсыну;
  • - жеткізуш көрсетілген электронды жеткізгіштегі меншікті негізгі құралдардың құнын арттыратын (активтердің түсуі немесе жаңғырту ретінде қаржылық есептілікте көрсетілген) меншікті негізгі құралдарды реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі шығындардың толық жазбасы;
  • - 8 толық жазба. Жалдау шарттары бойынша активті пайдалану құқығы;
  • - аяқталмаған құрылыстың ескірген, тұрып қалған объектілерінің толық жазбасы;
  • Қоғамнан еншілес ұйымға берілген вагондар бойынша амортизациялық аударымдар жөніндегі есепті жүргізеді.
  • LS-33 «33 баған бойынша негізгі құралдардың қозғалысы мен есептелген тозығын объектілік есепке алу» деген нысан бойынша жиынтық тоқсандық және ай сайынғы есепті қалыптастырады. 
  • Қоғамның құрылымдық және еншілес ұйымдары бойынша есептің шығын нысандарына № 2 және 5 сияқты әзірлеме кестелерін жасайды.
  • Қордың тобына кіретін компаниялармен топішілік айналымдар мен өзара есеп айырысулар бойынша жасалған шоғырландырылған салыстыру актілерін қол қоюға дайындайды.
  • «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ байланысы бар ұйымдардыі қызметтері бойынша жиынтық салыстыру актілерін қол қоюға дайындайды.
  • Техникалық саясат департаментіне негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің қозғалысы, олардың амортизациясы мен құнсыздануы туралы есеп жинақтайды және ұсынады.
  • Қоғамның филиалдары мен еншілес ұйымдарының негізгі құралдарының қозғалысы бойынша бастапқы құжаттарды, бұйрықтар мен хаттамаларды жинайды және тексереді.
  • SAP BW автоматтандырылған жүйесіндегі есеп пакеті көлемінде тоқсандық, жылдық есептердің Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының есеп деректерінің дұрыстығын тексереді.
  • SAP BW автоматтандырылған жүйесіндегі есеп пакеті көлемінде тоқсандық, жылдық есептердің Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының есеп деректерінің дұрыстығын тексереді.
  • Қаржылық есепті қалыптастыру үшін Қоғам мен еншілес ұйымдар бойынша есеп, тоқсандық және жылдық деректердің SAP BW жүйесінде түсуін салыстырады.
  • Негізгі құралдар мен НМА бойынша қаржылық есеп нысанындағы трансформациялық және элиминациялық есептерді есептейді.
  • Негізгі құралдар қозғалысы, НМА және аяқталмаған құрылысқа қатысты барлық қатысы бар құрылымдық бөлімшелердің, филиалдар мен еншілес ұйымдардың жеке және шоғырландырылған жылдық қаржылық есебі аудиті шеңберінде Қоғамның сыртқы аудиторларымен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастырады және бақылайды.
  •       Қаржылық есеп дайындау жөніндегі қызмет бағытының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бас компаниямен, аудиторлармен, мемлекеттік органдармен, заңды тұлғалармен, Қоғам филиалдарымен, еншілес ұйымдармен хат алмасады, ақпарат жинайды, жинақтайды және Бас компанияның жеделхаттары бойынша жауаптар дайындайды;
  • Бас компанияға Бас компания форматында тоқсан сайынғы, жылдық шоғырландырылған қаржылық есеп ұсынады.
  • Негізгі құралдар қозғалысы, НМА және аяқталмаған құрылысқа қатысты қаржылық есеп ұсынуға қатысты мәселелер бойынша жетекшілік ететін бөлімшемен өзара іс-қимыл жасайды
  • Бас компанияға Бас компания форматындағы жедел шоғырландырылған қаржылық есеп ұсынады; Негізгі құралдар қозғалысы, НМА және аяқталмаған құрылысқа қатысты қаржылық есеп ұсынуға қатысты мәселелер бойынша жетекшілік ететін бөлімшемен өзара іс-қимыл жасайды.
  • Негізгі құралдардың қозғалысы, НМА және аяқталмаған құрылысқа қатысты шоғырландырылған және жекелеген қаржылық есеп мәселелері бойынша сыртқы және ішкі аудиторлармен жұмыс жүргізеді.
  • Қоғамның еншілес ұйымдарының аудиттелген жылдық қаржылық есебін, негізгі құралдардың қозғалысы, НМА және аяқталмаған құрылысқа қатысты ҚЕХС сәйкестігін тексереді.
  • Мемлекеттік органдарға қаржылық есеп береді.
  • Бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша Қоғамның еншілес ұйымдарымен және құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.
  • Басқарушылық есеп жүйесін енгізу жөніндегі іс-шараларға қатысады.
  • Қоғамның негізгі құралдарын, материалдық емес активтерін және инвестициялық меншігін есепке алу жөніндегі нұсқаулықты өзекті күйде ұстайды.
  • Қоғамның есеп саясатын, әдістемелік ұсынымдарын, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша нұсқаулықтар мен ережелерді әзірлейді және өзекті күйде ұстайды:
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары, кәсіби экономикалық, қаржылық болуы тиіс
  • Мамандығы: Бухгалтерлік есеп және аудит, Қаржы, Экономика, Менеджмент
  • Міндетті түрде: еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр