«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «ГП Алматы бөлімшесі» филиалы Алматы пайдалану локомотив депосының бухгалтерлік есеп бөлімінің бастығы

616109 - 616109
ТЧЭ-28 АЛМАТИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группа Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
125

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

  • Мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларды, келіп түсетін негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарын есепке алуды, бухгалтерлік есеп шоттарында олардың қозғалысына байланысты операцияларды уақтылы көрсетуді, өндіріс және айналым шығындарын, өнімді өткізу, жұмыстарды (қызметтерді) орындау, Кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижелерін есепке алуды ұйымдастырады;
  • Ақша қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігінің, заңсыз жұмсалуының, қаржы және шаруашылық заңнамасының бұзылуының алдын алу жөнінде шаралар қабылдайды;
  • Штаттық, қаржылық тәртіпті, әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығыстардың сметасын, бухгалтерлік есеп шоттарынан кемшіліктерді, дебиторлық берешекті және басқа да шығындарды есептен шығарудың заңдылығын қатаң сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізеді;
  • Бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есеп айырысулар мен төлем міндеттемелерін ресімдеу тәртібінің сақталуын, жалақы қорының жұмсалуын, кәсіпорын қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын белгілеуді, негізгі құралдарға, тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарына түгендеу жүргізуді, бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыруды тексеруді бақылауды жүзеге асырады;
  • Қаражаттың кірістері мен шығыстары туралы балансты және жедел жиынтық есептерді, басқа да бухгалтерлік және статистикалық есептілікті жасауды, оларды белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдарға беруді қамтамасыз етеді.
  • Электрондық шот-фактураны (ЭШФ) жүргізу.
  • Құжаттарды ресімдеудің заңдылығын, уақтылы және дұрыстығын, жалақы бойынша есептеулерді, республикалық және жергілікті бюджетке салықтар мен алымдарды, мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға сақтандыру жарналарын, төлемдерді дұрыс есептеуді және аударуды қамтамасыз етеді;
  • "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жүргізу үшін толық материалдық жауаптылықта болады;
  • ЖШС салық есебін жүргізу; есепке алу салық саясатын іске асыру; кәсіпорында салықтық жоспарлауды ұйымдастыру; салық есептілігін тапсыру; салық комитетімен салық салу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
  • Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды мұрағатқа беру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді.

Біліктілік талаптары:

Білім

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)

Саладағы мамандық

Бухгалтерлік есеп және аудит, Қаржы және несие, Экономист.

Жұмыс тәжірибесі

мамандығы бойынша, басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы