Қызылжар ТҚКТБ және ТТБ Нұсқаушы (автотежегіш және букстық торап жөнінен)

335350 - 350412
ВЧД-13 КАРАГАНДИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 1 группа Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
283

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

•Осы Лауазым нұсқаулығында белгіленген қызметтік міндеттерді сапалы және уақытылы атқару.
•Жарық-Жезқазған ТҚКТ және ТТБ станциясының, Жанаарқа ,Қызылжар, Қаражал, Шубарколь – Терисаккан станциясының ТҚКТБ және ТТБ теліміне жауапты.
•Кепілді телімдер бойынша жүк және жолаушылар поездарының кідірілуін, жүріп өту барысында кепілді телімдерден өтпеген вагондарды ағытуды тексеру.
•Айсайынғы жұмыс жоспарын әзірлеу.
•Пайдалану жөніндегі қызметкерлердің өз лауазым міндеттерін орындауларына тосын тексерулер, сондай-ақ ТҚКБ, ББ аға вагон қараушылары, ТҚКБ шеберлерінің лауазым нормативтеріне тексерулер жүргізу.
•Техникалық қызмет көрсету бекеттері, бақылау бекеттері жұмыстарын, поездарға техникалық қызмет көрсету сапасын тексеру.
•Қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарына жол берген ВЧД қызметкерлерімен жеке әңгімелесулер жүргізу.
•Вагон қараушылары мен жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарлердің жұмыс істейтін өлшем құрал-саймандарының бары мен түзіктігін тексеру.
•Локомотив депосы қызметкерлерімен бірге поездардың комиссиялық тексерулерін жүргізуге қатысу.
•Автотежегіштер мен букстік торап жөніндегі нұсқаушысының іссапарға, кезекті еңбек демалысына немесе басқа да дәлелді себептермен жұмыста болмаған жағдайда жұмыстағы құжаттарды басқа телімнің автотежегіштер мен букстік торап жөніндегі нұсқаушысына тапсыруға міндетті, ол өндірістік қажеттілікке байланысты осы жұмысты жүргізуді бөледі.
•Ауысым қызметкерлеріне оқытуды ұйымдастырады, техникалық білім деңгейлерін, лауазым міндеттерін, техника қауіпсіздігі мен еңбек қорғау ережелерін тексереді, телеграфтық нұсқауларға сәйкес т.ж. көлігі қызметкерлерінің жарақаттану оқиғаларын пысықтайды.
•Еңбекте көзге түскен қызметкерлерді көтермелеу немесе өндірістік және еңбек тәртібін бұзушыларға тәртіптік шара қолдану туралы ұсыныстар мен баянаттар ұсынады.

Біліктілік талаптары:

Білімі:

Жоғарғы (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім) орташа (техникалық және кәсіби)

Мамандығы:

•Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар). Темір жол жылжымалы құрамды пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

Жұмыс тәжірибесі:

•Шебер лауазымында 3 жылдан кем емес вагон пайдалану депосында, вагондарды қараушы,шебер лауазымында вагондарды қараушы;бригадир 2 жылдан кем емес.

Қосымша талаптар:

• Өз міндеттері шеңбері аясында жаңадан келіп түскен нормативті-техникалық құжаттамаларды уақытылы пысықтау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж