"КТЖ - Жүк Тасымалы"-"Батыс" филиалы Қызылорда локомотив пайдалану депосының Қазалы айналым депосы бойынша локомотив бригадаларының нұсқаушы машинисі

436146 - 458344
ТЧЭ-34 Кызылординское эксплуатационное локомотивное депо 1 группы Қызылорда облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
130

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  1. Жұмыс уақытының 70%-ын желіде және 30%-ын мекемеде өткізуді жоспарлай отырып өз жұмысын ұйымдастыру.
  2. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде белгіленген үлгідегі нысанды киімді кию,ұқыпты киіну,жұмыстағы әріптестерімен және тиісті қызметтердің қызметкерлерімен, сондай-ақ темір жол көлігінің қызметтерін пайдаланатын адамдармен қарым-қатынас жасауда әдепті болу және көмектесу.
  3. Техникалық білімін кәсіптік оқыту арқылы жетілдіру;
  4. Бекітілген жоспар бойынша машинистермен және машинист көмекшілерімен кем дегенде айына екі теориялық сабақ,оның ішінде бірінші қыс айында лауазымда жұмыс жасайтындармен бір сабақ өткізу.
  5. Бекітілген жоспарға сәйкес машинистер және машинист көмекшілерімен локомотивте (МВПС) айына кемінде бір практикалық сабақ өткізу.
  6. Басқарған колоннаның машинистерімен және машинист көмекшілерімен қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтар өткізу.
  7. Қорытынды бақылау жолсапарын (КЗП), Нұсқаушы бақылауындағы жолсапарын (КИП) уақытылы өткізу және ұйымдастыру.

Біліктілік талаптары:

БІЛІМІ

жоғары (жоғарыдан кейін); орта арнайы (техникалық және кәсіптік)

Саладағы мамандығы

Көлік, көлік техникасы және технологиясы; тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы мен пайдалану.

Теміржол жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету, пайдалану

Опыт работы

Жоғары (жоғарыдан кейін) біліммен: кемінде  2 жыл, оның ішінде 2 классты  локомотив машинисі лауазымында;

 Орта арнайы (техникалық және кәсіптік) біліммен: кемінде  2 жыл, оның ішінде 2 классты  локомотив машинисі лауазымында;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру