№5 өндірістік телімнің 1-санатты технигі

от 181934
Павлодарская дистанция пути Павлодар облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
125

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

- ФТУ-3 нысанды табель бағандарын және ПУ-74 кестелерін (онкүндік кестелерді), жұмыс уақытының шығындары түрлерінің тізбесіне және жұмыста болмау себептеріне сәйкес күрделі жұмыстарды орындауға арналған нарядтарды дұрыс толтыруды жүргізеді

- жұмыс күнінің фотографияларын, хронометраждық қадағалауды жүргізу арқылы жұмыс уақытының факт түріндегі шығындарын зерделеуді жүргізеді

- арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және сақтандырғыш көмекші құралдарды есепке алудың № МБ-6 нысанды жеке карточкасын жүргізеді.

- жұмыс істеушілердің арнайы киімдері бойынша өтінімдер жасауға қатысады, жұмысшыларды арнайы киіммен уақытылы қамтамасыз етуді қадағалайды

- рельстік, шпалды кітаптардың уақытылы және дұрыс толтыруды қадағалайды

- өз телімдерінде жолдарды (көктем, күз) комиссиялық қарап тексеру жүргізуге қатысады және т. б.

Біліктілік талаптары:

Білімі

орта (техникалық және кәсіптік)

Саладағы мамандығы

Құрылыс (Темір жолдар құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көпірлер және көліктік тоннелдер); Көліктік құрылыс; Көлік, көліктік техника және технологиялары (Көтергіш-көліктік, құрылыс, жол машиналары және жабдықтары).

Жұмыс тәжірибесі

еңбек өтіліне талап қойылмайды

Қосымша талаптар:

- тауар-материалдық құндылықтарға және околоткалардағы негізгі құралдарға түгендеу жүргізуге қатысады, сондай-ақ оларды уақытылы есептен шығаруды қадағалайды

- еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша тексерулер өткізуге қатысады

- телімдегі материалдарды уақытылы есептен шығаруды және кіріске алуды қадағалайды

- түйіспесіз жолы бар телімдерде рельстік бунақтардың қызметі мен температуралық режимін есепке алу журналын жүргізуді бақылау, түйіспесіз жолдың жай-күйін кезектен тыс тексеруге қатысу және т.б.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру