«ҚазТрансОйл» АҚ Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының Мұнайтас «Кеңқияқ» ЖПУ ТПАБЖ жөніндегі инженері

«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
1567

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) «Кеңқияқ-Атырау» ММҚ бекітілген учаскесінде ТПАБЖ жабдығына уақтылы және сапалы техникалық қызмет көрсету, жөндеу, монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын ұйымдастыру және орындау;

2) өлшеу жұмыс құралдарын салыстырып тексеруге ұсыну. Өлшеу аспаптары мен жабдықтарын есепке алу және паспорттау;

3) «Кеңқияқ-Атырау» ММҚ бекітілген учаскесінде ТПАБЖ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша жылдық жоспарлар, кестелер әзірлеу;

4) Қоғам сатып алатын негіздеуші және растайтын құжаттарды қоса бере отырып, шикізатқа, материалдарға, жабдыққа және қосалқы бөлшектерге өтінімдерді уақтылы және сапалы қалыптастыру; ММҚ иесі сатып алатын ТМҚ өтінімдерін уақтылы және сапалы қалыптастыру. Жабдықтар мен материалдардың азаймайтын авариялық қорын толықтыруды бақылау;

5) Қоғамның қауіпті өндірістік нысандарында қолданылатын еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы қағидалары мен нормаларының, өрт қауіпсіздігі талаптарының, қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптардың жай-күйі мен орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Анықталған бұзушылықтарды жою. Жұмыс орнында тәуекелдерді азайту, жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысу және өз құзыреті бөлігінде іс-шараларды орындау;

6) ТПАБЖ жабдығының техникалық жай-күйі мен пайдалануының зауыттық және жобалау құжаттамасының, техникалық пайдалану қағидаларының, техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;

7) жұмысшылардың білімін тексеру кестесін жасауға қатысу және жұмысшылардың білімін тексеру бойынша ЖПУ емтихан комиссиясының жұмысына қатысу, құжаттама жүргізу, хаттар, есептер дайындау, ТМҚ есептен шығару және т.б.;

8) ТПАБЖ жабдықтарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, БӨА және А бойынша слесарь мамандығы бойынша нұсқаулықтарды, техникалық схемаларды, техникалық ұсыныстарды және т.б. әзірлеу.;

9) ТПАБЖ жабдығының үздіксіз және авариясыз жұмысын қамтамасыз ету; белгіленген нысанға сәйкес ТПАБЖ жабдығын пайдалану бойынша техникалық құжаттаманы жүргізу;

10) магистральдық мұнай құбыры жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету және күзгі-қысқы және су тасқыны кезеңінде өндірістік нысандарды дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;

Талаптары:

  • автоматтандыру және басқару саласында кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
  • Кәсіби саладағы жұмыс өтілі - 3 жыл;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша өткен оқу туралы куәлік;

Шарттары:

  • қалыпты еңбек жағдайлары, зиянды факторларсыз. Вахталық жұмыс әдісі 15/15. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын ресімдеу. Медициналық сақтандыру. Оқыту және кәсіби даму. Ұжымдық шартқа сәйкес әлеуметтік пакет. Кәсіби ұжым; жұмыс орны: Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ кенті.

Қажетті қабілеттер

  • Знание технологических процессов транспортировки нефти
  • Знание систем автоматической пожарной сигнализации и электроуправления
  • Знание средств вычислительной техники, коммуникаций и связи

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Басқа