"ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС Текесу станциясының 1-класс НОД-9 (БП Шымкент бөлімшесі) жүк және багажды қабылдап-тапсырушы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1. Кірме жолдарда және жалпы пайдалану жолдарында вагондармен қабылдау-тапсыру операцияларын жүзеге асырады.2. Бос және тиелген вагондарды коммерциялық тапсыруды, тиеу және түсіруден кейін вагондарды қабылдауды жүргізеді.
3. Тиісті құжаттарды ресімдей отырып, жүктерді тасымалдау қағидаларында көзделген жағдайда вагондардан жүктерді беруді жүргізеді.
4. Кірме жолға тапсыру кезінде уақтылы тексереді:
- коммерциялық жүктелген және бос вагондар,
-ВУ-14 сәйкес бос вагондарды техникалық тексеруге ұсынады.
5. Қабылдау-тапсыру жадынамаларын, вагондарды беру және жинау ведомостарын жүргізеді, вагондардың тоқтап қалу нормаларының орындалуын бақылайды. Қабылдау-беру және жинау ведомостарын, есептеу үшін қабылдау-тапсыру жадынамаларын уақтылы тапсыруды қамтамасыз етеді
6. Жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес тасымалдау құжаттарын ресімдейді, вагон парағын толтырады, жүктерді жөнелтуге қабылдау кітаптарын, түсіру кітабын, қағидалар кітабын, қажет болған жағдайда жүктерді ауыстыру кітабын, бақылау жүктерін есепке алу кітабын, пломбалау кітабын және басқаларын белгіленген тәртіппен жүргізеді.
7. Жүк жөнелтушінің және алушының жүктерді тасымалдау ережелерін, жүктерді тиеу мен бекітудің техникалық шарттарын сақтауын жүйелі түрде бақылайды, жүк көтергіштігінен артық жүктемелерді болдырмау мақсатында бақылау салмақтарын және вагондардың тиелуін тексеруді жүргізеді.
8. Тасымалданатын жүктің сақталуын қамтамасыз етуді бақылайды. Қажет болған жағдайда қабылдау-тапсыру есебін жасайды.
9. Қажет болған жағдайда жалпы нысандағы актілерді, цистерналардың төгілмеуі туралы актілерді және т. б. жасайды.
10. Вагондарды түсіргеннен кейін түсіру мен тазалаудың толықтығы, трафаретті алу тексеріледі.
Біліктілік талаптары:
Біліморта (техникалық және кәсіптік)
Саладағы мамандық
Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; теміржол көлігінде жүк және коммерциялық жұмыс; Көлік, көлік техникасы және технологиялары
Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
Жұмыс тәжірибесі
еңбек өтіліне талап қойылмай
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)