Ішкі аудитті жүргізу жөніндегі аға маманы
"Эйр Астана" АҚ Алматы қ.
Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
МІНДЕТТЕР:
- Белгіленген стандарттар мен мерзімдерге сәйкес жеңіл және орташа күрделіліктегі аудиторлық тапсырмаларды орындау;
- Корпоративтік басқаруға, ұйымның қызметі мен ақпараттық жүйелеріне қатысты авиакомпания тәуекелдерін бағалауға қатысу және осы салаларда кеңес беру тапсырмаларын орындау;
- Кәсіби деңгейде аудиторлық келісім бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
- Ұйымдастыру-функционалдық міндеттерді орындау кезінде ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің іс-әрекетін үйлестіру;
- Жұмыс құжаттарын дайындау;
- Аудиторлық және кеңес беру тапсырмалары бойынша есептерді дайындауға қатысу;
- «Командалас» жүйесінде жұмыс істеу.
ТАЛАПТАР:
- Экономика және/немесе қаржы, және/немесе есеп және аудит, және/немесе ақпараттық технологиялар және/немесе техникалық сала және/немесе заң саласындағы жоғары кәсіптік білім; Жоғарыда аталған бағыттар бойынша магистр дәрежесінің болуы құпталады;
- Жалпы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес, оның ішінде ішкі аудитте кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі;
- Әуе компаниясының бизнес-процестерін, тәуекелдерін және тиісті бақылау жүйелерін түсіну;
- Әдістемені, озық технологияларды және ішкі аудит құралдарын білу
- Аудит және консалтингтік келісімдерді орындау процесін басқару, топты басқару және келісімнің орындалу барысын бақылау, есептерді жазу және қарау тәжірибесі;
- Этикалық кодекс пен стандарттарды білу;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерін білу;
- Орыс және ағылшын тілдерін жазбаша және ауызша жақсы білу;
- Аудит, және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржылық менеджмент, және/немесе ІТ-технологиялар және/немесе тәуекелдерді басқару саласындағы сертификаты және/немесе біліктілігі, мемлекеттік және шет тілдерін білуі жақсырақ.